«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Алтын жүрек анамыз

Алтын жүрек анамыз,

Бала алдында дарасыз. 

Мейірімнен нәр алып, 

Әлемге шуақ шашасыз.

Өзіңізбен мақтанамыз,

Күлкіңізден жаралғанбыз.

Аялайтын, қастерлейтін, 

Алтын жүрек анамыз.

Жүректе батыр болып жатталасыз,

Есімде а сыл тұлға саналасыз.

Сәби кезден еркелетіп өсірген,

Құдіретті, алтын жүрек анамыз.

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Менің балам деп жүрген.

Жанын берер біз үшін 

Ана атты жан екен. 

Ана деген қымбатты,

Бәрінен де сымбатты. 

Ана деген жан жүрек,

Одан туған біз түлек, — деп барлық аналарымызды, құрбыларымды 8 – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Ақбота  АБАЕВА,

Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№202 мектеп-гимназиясының
10”В” сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Мазмұны терең кітап оқырманның қалауы

Жанарына жас толтырып, жас сәбидің

farabi shakirti shakirti

Жарқын жастардың бірі — мен!