Тіл дегенім…

Тіл дегенім, не десе байлық дер ем,

Бай болмайды тіл қадірін білмеген.

Өзге тілдің бәрін білсең, өз еркің

Ана тілін білу сенің міндетің!

Ал өзіме келер болсақ, тілім қазақ,

Ана тілі көркем бір, ғажап.

Ата-бабам туған тілін әспеттеп,

Қалдырды мұра етіп бізге арнап.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

 

(Абайға арнау)

Шабыт алып қаламның сиясынан,

Жүрек сөзін ақ қағазға сыйдырған.

Ұлы ақын мәңгілік есімізде —

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Ақынның өлеңдері түпсіз терең,

Оқысаңыз тәуелсіз ой тербеген.

Бес асылды, бес наданды атап өтіп,

Оқырманым болсыншы “адам” деген

Дәріптейік бізге қалған мұраны,

Абай ақын әдебиеттің ұраны,

Болашаққа қадам басқан сәтімізде,

Ақын сөзі санамызда тұрады,

Ақынның аты өлгенмен заты өлмейді,

Абай аты күннен күнге өрлейді,

“Әр қазағым, жалғызым” деп кеткен,

Әр қазақтың жүрегінде күн дейді.

Ата-әже

Әже, асыл тұлға, жанға жақын,

Немерем деп тіпті жанын қиятын.

Немерем баламнан да  жақындеп,

Алып берер өмірдің бар дарасын.

Ақылшым да кеңесші мұлы адам,

Жүрегімде жатталған менің атам.

Өмірінде көпті көріп, көпті білген

Үлгі тұтып, атамменен мақтанам.

Бақытты ата — әжесін көрген адам,

Қарттарының батасын ала алған.

Немеремен бала болып ойнағанда,

Табылмас қарттан асқан бақытты жан.

 

                                        АБАЕВА Ақбота,

Алматы қаласы, М.Әуезов ауданы,

№202 мектеп – гимназияның оқушысы