Сахна менің жолым емес екенін түсіндім

Сурет: Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтынан алынды.

Өнерді бар жаныммен сүйемін. Өнер-адамның жан дүниесін байытатын, сезімін оятатын құндылық. Өнер-адамға шабыт беріп, өмірді әдемірек көруге көмектеседі.

Былтыр алғаш рет театрға «Мәңгілік бала бейне» қойылымына бардым. Шыны керек біраз уақыт сол қойылымның атмосферасынан шыға алмадым. Театр, сахна бұл менің арманым еді. Қойылымды өз көзіммен көргенде өне бойым шымырлап, сөзбен сипаттай алмайтын ерекше бір сезім бойымды биледі. Қаншама еңбек, дайындық…Бұл жай ғана қойылым емес, мен үшін бөлек бір әлем болды. Өнерге деген қызығушылығым мен махаббатым ұлғайды.

Өнер жолында жүрген жандарды қатты құрметтеймін. Көшеде қолына гитара алып, айналаны әсем әнге бөлейтін жандарды көрсем бәр сәт еріксіз жымиямын. Өнерді түсінетін, сүйетін адамдардың бар екені қуантады. Өнер жолында жүрген адамдар олар өнер қорықпай сүйген, батыл жандар. Адам өнерді таңдамайды, өнер адамды таңдайды.

Мен өнерге ғашық болғаныммен, бұл саланың адамы емес екенмін. Ең ауыры-өнерді бар жаныңмен жақсы көріп, бірақ өзіңнен өнер адамы шықпайтынын түсіну екен. 

СЕНБЕКҚЫЗЫ  Зылиха,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«А.Бубенцов атындағы орта мектептің» 11-сынып оқушысы