«Отызында орда бұзған»
Құттықтаймыз!
ТОҚТАРБАЙ Елдосты Нүсіпұлын туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз!
Отызында талай асулардан өтіп, биіктерді бағындыра білген жастың жүріп келе жатқан жолы өмірге енді қадам басқан жастарға нағыз өнеге. Еңбекқорлық пен табандылықты, ерге тән мінезді, қайсарлықты жанына арқау етіп, көпшілікпен оңай тіл табысып, алдына қойған мақсатқа жетудің үлгісі.
Елдоспен алғашқыда журналымыздың оқырманы ретінде 2007 – жылдары оқушы кезінде хат арқылы таныстық, Күні кешеге дейін оқырмандарымыз шығармаларын топтап хаттарын редакцияға жодаудан жалықпайтын. Әр хатты ашып оқып, бала шығармашылығына мұқият қарап, журнал беттерінде жариялайтынбыз. Әр оқырманның ынтасы, қабілеті назардан тыс қалмайтын. Күн құрғатпай хат жолдайтын оқырманның бірі – Елдос. Конветтің сыртында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі, Елдос Тоқтарбайдың жазуын танып алдық. Журнал ұйымдастырған бәйгелерден қалмай, жоғары сыныпқа келгенде бас бәйге иегері аттанды.
Жазғы айы болатын. Сол кездегі «Мөлдір бұлақ» ұжымының есін шығарған жайт болды. Баланы көргенде қорықтық, оқырманымыз Елдосты танып қуандық. 2009 жылы жазғы демалысқа шыққан Елдос ауылдан келіп, редакцияны іздеген. Редакция ғимаратына келіп, аспалдақтан көтерілгенде «УҺ» — деп отырып қалғанын журналдық көркемдік редакторы, актирса Әсем Чапай (Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театры баспасөз хатшысы) көріп, қатты шошып кеткені бар. Ұжым жүгіріп шықтық, біз шыққанша Әсем Елдосқа су беріп үлгеріпті. Редакция кіріп, аптығын басқан соң, редакцияны үш күн жаяу іздеген. Төле би көшесінен төмен Гоголь көшесіне түскенімен Жұмалиев көшесіндеге редакция орналасқан ғимраттан айналып өте берген. Қаншама адамнан сұрағанымен, мекенжайдағы нөмірді айта алмаған.
—Редакциямды таппай қоймаймын дедім. Ақыры таптым. Әжем Алматыға барсаң, редакцияға бар деп жіберді,- деп ұзақ әңгімелестік.
Жазушы ағаларымыз Әділ Балта, Кеңес Оразбекұлы, дизайнер апайымыз Шамшибану Шамшидинова «Тіліміз тасқа, осы баладан танымал тұлға шығады» деген. Үлкендердің айтқаны келді.
Балалар жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, ҚР Үкіметінің Дарын жастар сыйлығының лауреаты, Қазағыныңақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2000 – 2011 жылдары Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің түлегі. 2011 – 2015 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алған. 2015 – 2017 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын «Филология» мамандығы бойынша тамамдаған. РФ Ғылым академиясының Әдебиет институты (Пушкин үйі) Әдебиет теориялары мәселелері бойынша курсын оқыған. (Санкт-Петербург қаласы).
Міне, бүгін кешегі ш3әкіртіміз ғылым жолына түсіп, жетістіктерімен қуантып келеді. Жас ғалым Елдосқа бақыт, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Алаш зиялыларының шындығын ашып, олардың «Отан!», «Халқым!» соққан жүрегінің дүрсілін бүгінгі ұрпаққа жетуде атқарған еңбегің жана берсін! Жемісін сыйласын!
«Farabi shakirti» журналының шығармашылық ұжымы.
Еодос Тоқтарбайдың әр кезеңде берген сұхбаттарынан:
Ғылым жолына ерте түскен сияқтымын. Мектеп оқушысы кезінде сынып жетекшім, ұстазым Қарлығаш Байтоғымованың бағыт-бағдар көрсетуімен ауыл тарихын зерттеуге ден қойдым. Ауыл тарихына деген аңсарлы қызығушылығым бүткіл ел, жалпы қазақ тарихымен байланыстырып жіберді. Алғаш рет 17 жасымда архивке кіріппін. Міне, содан бері он жылға жуық уақыт ішінде алыс-жақын шет елдің архивтері мен елдегі қазына толы мекемелердің табалдырығын тоздырдым. Қазір жеке қорымда менің алдағы отыз-қырық жылыма емін-еркін жететін дерек, қазына бар екен. Алла Тағала әуелі денсаулық, ғұмыр берсе, қара тырнағымнан әл кеткенше, осы тапқан, жинаған деректерді халықтың кәдесіне жаратуға дайынмын. Көз майымды тауысып, жүрегімді жұқартып алдым демесем, басқа өкініш жоқ. Талант деген – Жаратушы тарапынан берілген несие болса, оның өтемі осы шаң басқан мұрағатқа кіру екен. Маңдайыма жазылған миссия осы болған соң, бұны өмірлік ісім деп түсіндім. Ал, қызық қуып, асыр салып жүру қолдан келеді ғой, бірақ Мұхтар аға Мағауин сықылды өзімді «соңғы қазақпын!» деп санап, бар қызықтан, қызыл-жасылды жылтырақ әлемнен тежедім. Имандай шыным – осы. Жазушының басты мұраты – әр күнін, әр сәтін тиімді пайдалану, жүйелі жұмыс істеп, өнімді жазу ғана.
***
Өзім де қазір студенттерге дәріс беріп, ізденуші жастарды тәрбиелеп жүрмін. Оларды ғылыммен шұғылдануға ынтықтырамын. Біздің тарихымызда түгенделмеген мұра, айтылмаған сөз көп. Советтік кезеңнің бұрмаланған оқиғаларын шынайы ашып жазу керек. Беймәлім тұлға қаншама! Санасаңыз саусағыңыз жетпейді. Сол тұлғалар өз зерттеушісін күтіп-ақ тұр. Шаң-тозаңның арасынан аршып алу керек.
***
Бұйыртса, алдағы бір-екі жылда оқырман жұрт, әдебиеттегі тілекші аға-апайларым мүлде басқа Елдос Тоқтарбайды көреді деп ойлаймын. Бұл жазушылық өнерге біржола ден қойған, тарихи тақырыпты өмірлік мұратына айналдырған, өзінің тақырыбы мен стилін қалыптастырған жас қаламның жүрек сөзі болмақшы. Әдеби сынға, әдеби процесске белсене араласу, диагноз қою, болжам жасау – оқыған-тоқыған мамандығымның атқарар жұмысы.
***
Қазіргі күні балалар әдебиетіне арнап біраз жаңа хикаят, ертегі жазып, жас достарыма ұсынсам деп отырмын. Сын саласында мерзімді басылым, медиакеңістік, радио, телеарна болсын айтып та, жазып та жүрмін. Бұл бағыттағы ізденісімді алдағы күндері де жалғастырамын деген ойым бар.
***
Жетісудың Көксуында туған ұлдың маңдайына нағашы жұрты – Қапал-Арасан баурайында өсіп, Ақсу топырағында ер жету жазылған екен. «Жігіттің жақсысы нағашыдан» демекші, біздің бойымыздағы асыл қасиет сол – нағашы жұртымнан дарыған-ды. Үлкен атам, осы күні мен оның атын тегім ретінде жаздырып алған – Тоқтарбай ақсақал баталы сөзді, иманды, көкірегі толы қазына кісі болған екен. Нағашы әжемнің де сүйегіне сөз қоныпты. Анам да өлең жазып, ой толғайтын, сөздің төркінін, табиғатын түсінетін жан. Бала кезімнен мені үй іші «жазушы» деп санап, «журналист» болғанымды қалайтын. Үйдегілердің алқауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журфагына тапсырған едім, бірақ, өмірімнің компусы 180 градусқа өзгеріп, сонау шалғайдағы Торғай өлкесіне аттандым да кеттім. Аядай ғана Арқалық қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы пединститутта оқып, сол қарашаңырақтың түлегі болдым.
Арқалық – менің бағыма жазылған қала.
Менің жүрегіме өшпес із қалдырған, қаламымды қатайтқан, өмірлік арман-мұратымды бағыттап, көзқарасымды кеңейтіп, дүниетанымымды қалыптастырған қасиетті жер. Сол ұлт ұясы болған Торғай топырағында оқып, Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Нәзипа Құлжановалардың рухынан тағылым алып, қамқор ұстазым, туған әкемнің орнын басқан айтыскер ақын, профессор Айбек Қалиевтің ғылыми мектебінен шыңдалып, Алаш жолына түскенімді абырой санаймын. Мен оқыған Арқалық пединституты – Қазақстандағы педагогикалық оқу орындарының ішіндегі білікті кадр, сапалы маман даярлап отырған жоғары мектеп. Осы оқу ордасында оқығанымда доцент Ардақ Абдуллина, профессор Гүлбаршын Конкина, марқұм ыбырайтанушы Роза Халыққызы сынды ұстаздардың жақсылығын, тәлімін көп көрдім. Сөздің шынын айтсам, Арқалық та, Арқалық пединституты да Жетісудан оқу іздеп келген ұлдың мәртебесін асырып, беделін арттырды. Болашақ әдебиеттанушы, сыншы ретіндегі қабырғамның негізі сонда қаланды. институт ректоры профессор С. Қуанышбековтың қолдауымен шығып еді.
***
Жалпы, мен Жетісудан Арқалыққа барғанда алдымда бір ғана мақсат болды. Ол – 1 курстың соңына дейін осы топырақтың тарихын, әдебиетін, мәдениетін тегіс білу, тұлғаларын тану, ау-жайын ұғыну. Сол мұратыма жеттім. Қазыналы Торғайдың тарихына ынтызарлық көзбен қарағанымда, «балам» деп бауырына қымсынбай басқан-ды. Сондықтан студенттік жылдар – оқуға, ізденуге берілген жауапкершілігі мол кезең.
Сосын анық бір байқағаным: адамның білім алуына университеттің беделі өлшем де, көрсеткіш те бола алмайды екен. Адамның өзіне, ізденісіне байланысты. Біз оқыған АрқМПИ оқу орны – тұйық қаладағы жалғыз жоғары оқу орны еді. Сол оқу ордасында алған білімім мен жинаған тәжірибем ұлттық университетті бітірген таныстарымның білімінен бір елі кем емес екеніне сендім.
Сұхбат авторы: Гүлжан Амангелдіқызы,
Galamger.kz