«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Спорт

Қазақстандық жасөспірім теннисші Бакуде абсолютті чемпион болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Ілияс Маратұлы Әзербайжан астанасы Бакуде 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жекелей сында финалда жергілікті ойыншыны 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

І.Маратұлы жұптық сында қарағандылық Виталий Зацепинмен бірге соңғы бәсекеде түркиялық ағайынды Тургуттарды 7:6, 6:1 есебімен ұтты.

Бакуде сондай-ақ қыздар арасында қазақстандық Ульяна Романова жұптық сында ресейлік Кира Батайкинамен бірге үздік шықты. Олар ресейліктерден 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.

Алматыда ЦСКА корттарында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe додасы мересіне жетті. Мұнда Еркежан Жаңатаева абсолютті жеңімпаз болды. Ол жекелей сында тартысты бәсекеде ресейлік Кристина Крученкодан жеңісті жұлып алды – 4:6, 6:3, 6:2. Ал жұптық сында Сәбина Шухратовамен бірге финалда Эвелина Балаганская мен Әлия Омарбекті қапы қалдырды.

Бозбалалар арасында қазақстандық Анатолий Цыбулько белоруссиялық Ратмир Пулькевичпен бірге финалда Родион Трайгель – Ярослав Пшеничныйдан айласын асырды. Ярослав сондай-ақ жекелей сында финалға дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Елена Рыбакина Моника Селеш пен Мария Шарапованың жетістігін қайталады.

Сондай-ақ Анна Данилина Париждегі жарыстың жеңімпазы атанды.

Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирде жеңіске жетті.

Андрей Голубев жұптық сында Турин турнирінің жеңімпазы атанды.

Ғайсағали Сейтақ

Сәйкес жаңалықтар

«Ұлт саулығы — ұлы міндет»

Ғибратын көңілге тоқиық! 

farabi shakirti shakirti

Миша, біз сенімен мақтанамыз!