«Ұмытылмас күн»

     Алматы қаласы, Ұлттық кітапханада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық жылдары құрбандарын еске алу күніне орай «Дөңгелек үстел» өтті.

ХХ – ғасырдың 20- жылдарының басынан бастап, ел басына күн туып, қазақ халқы патша әскеріне бала жібермейміз деген шақтан бастап зұлматтың алғашқы  белгілері байқала бастады. Ресми деректерге сүйенсек, 1931-1933 жылдардағы ашаршылық жылдары Қазақстанда 1,5 миллион адам қайтыс болса, оның 1,3 миллионы қазақтар болған. Ұлт зиялылары 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, 1937 жылдары ату жазасына бұйырылды. Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан   Жұмабаев, Міржақып Дулатов  бастаған «Алашорда» үкіметінің мүшелері баудай жапырылды. Еліміздің Тәуелсіздігі үшін күресте ерен ерлігімен есте қалған тұлғалардың әр ісі, сөзі һәм өнегесі туралы жасөспірімдер мен балаларға, жастарға, қоғамға қанша  мәрте айтылса да артықтық етпейді. Өйткені, ұлт зиялыларының ашылған деректерінен архивтің түбінде жатқан бізге беймәлім құжаттары қаншама? Біз білетін есімдерден басқа зерттеуді күтіп жатқан есімдер де аз емес екенін тарих зерттеушілерінің айтқанынан білеміз.

Алаш зиялыларының есімдерін жаңғыртып, келер ұрпақққа аманат етуді мақсат еткен «Gir balasy» қоғамдық қорының атқарып келе жатқан шаруалары бір кездесумен бетпейді. Әр кездесу өткен сайын Алаш қайраткерлерінің жаңа есімдерін естиміз.

«Дөңгелек үстелге» қатысқан ғалымдар ұлт зиялыларының еңбектеріне тоқталды. Жаңадан ашылған зерттеулерді әңгімеледі. Келелі шараны бірлесіп ұйымдастырған Ахмет Байтұрсынұлы музейі-үйі мен «Ә. Бөкейхан атындағы ғылыми-зерттеу институты» мен «Gir balasy» қоғамдық қорының жауапты қызметкерлері сөз алды. «Қазақ зиялыларының қуғындалуы қасіреті» тақырыбында жазушы Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы, «Түрме талқысы» — жазушы, филология ғылымдарыеың докторы, профессор Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынұлы музей-үйінің бас ғылыми қызметкері Смағұлова Светлана Одепқызы өздерінің зерттеп жүрген тақырыптары бойынша ойларымен бөлісті.

Алаш зиялалырының өмірі мен қоғамдағы алатын орны туралы бауырлас Түркі мемлекетінің ғалымдары қомақты зерттеулер жүргізіп, жинақтар жариялауға сүбелі үлестерін қосып келеді. «Ахмет Байтұрсынұлы және ұлттық құндылықтар» — тақырыбы бойынша Бирай Нергиз, филолгия ғылымдарының докторы, Памуккале Университеті «Қазіргі тұркі тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, «Абай және Ахмет Байтұрсынұыл» — Ата Йылдыз Наджие, филолгия ғылымдарының докторы, Анкара Қажы Байрам Уәли Университетінің профессоры, «Түркиядағы Алаш тарихының зерттелуі» — Құрманғалиева — Ерджиласун Гүлжанат, Анкара Қажы Байрам Уәли Университетінің профессоры, Есжан Мұрат Нұрәкімұлы, режиссер-сценраист. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, алаштанушы, «Ә.Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының» директоры Сейдархманұлы Ұшқын тақырып аясында ой-пікірлерімен бөлісті.

Тәуелсіз елдің болашағы – балалар. Дарынды балалар ортаға келіп, Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев басқа да алаш зиялыларының өлеңдерін оқыды.

Баспадан жаңа шыққан екі тілдегі «Библиографиялық көрсеткіш», Жүсіпбек Аймауытұлының, А.Байтұрсынұылына арналған «Ұлтты оятқан ұлы сөз», «Қасіретті жылдар», есімдері жаңа ашылып, алаш қайраткерлері Сейдәзім Қадырбай, Мұстақым Малдыбайұлының кітаптарының тұсауы кесілді.

Келелі кеңесте өнерлі жастар төгілте терме айтып, құйқылжыта күй төкті.

Алаштануға қомақты үлес қосқан ғалымдар марапатталып, бірқатар студенттер «Gir balasy» қоғамдық қорының мүшелігіне қабылданды.

«Ә.Бөкейхан Алаш ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми қызметкері, жас ғалым, «Gir balasy» қоғамдық қорының төрағасы Елдос Тоқтарбайдың алаштану бағытындағы атқарып келе жатқан игі істері де ерекше аталды.

«Дөңгелек үстел» басында айтылған деректер, зерттеу жұмыстарының қысқаша мазмұнын түйіндесек, нақақтан жала жабылып, құрбан болған ұлт зиялыларымен қатар, зұлматтың бірі — ашаршылық жылдарының да зерттеліп, маңызын ұрпақтарға жеткізу турасында ойлар айтылып қана қоймай, жалғасатын табатындығы ғалымдардың еншісіне қалдырылды.

Бұл шараның қоғамға толық жетуі үшін әр адам, зұлмат жылдардың парақтарында есімі аталған, аталмай қалған ерлердің бүгінгі ұрпақтарының да үлесінің қажеттілігі бас айтылды.

 

Бирай Нергиз, филолгия ғылымдарының докторы,

Памуккале Университеті «Қазіргі тұркі тілі мен әдебиеті

кафедрасының меңгерушісі                                                                                    

 

 

 

Ж.Кучукова