«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Шығармашылық әлеміне қанат қаққандар

       Төкпе жырдың алыбы Жамбылдың «Абай суреті» атты өлеңінде «Өлең — сөздің ұқсаған құдретіне» — деп құдіретке теңеген ұлы дананың есімі күллі әлемді шарлап кетті. Ақын туған топырақтан түлеп ұшқан ғұламалар қаншама!? Болашақтың біз сүйінер ұрпақтары Абай өңірінде де қадамын алға қарай басып келеді. Сарыалжын ауылындағы «Ш.Тоқжігітов атындағы мектебі» КММ 10 «Б» — сынып оқушылары Аружан  Дүйсенбекова мен Ажар Алинаның шығармашылығы дамып келеді. Жазған дүниелерінің тақырыбы да адамға ой саларлық.

       Журналист болуды армандап, қалам тербеп келе жатқан жасөспірімдерге  www.farabishakirti.kz  сайтының жас тілшісі куәлігі мен І- дәрежелі диплом жолдаған едік. Шәкірттеріне куәлікті мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Тұрсынбекова Бақытжан Есқалиқызы құттықтап, табыстады.

—Балалардың барлығы бір-біріне ұқсамайтын талант иесі. Баланың қабілетін байқап, бетін қақпай, шығармаларын редакциялап қыздарымызға қанат байлай білген сайт редакциясының ұжымына алғыс айтамыз,- деп  Алинаның әкесі Досым Қайырұлы тілегін айтты. Аружанның ата-анасы Тлебалдин Асқар Дүйсенбекұлы мен Кәрімбекова Күлзия Мәрденқызы да қуаныштарымен бөлісті.

    

 

Оқушылардың шығармашылыққа бейім екенін байқаған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ДӘРІБАЕВ Дихан Жақсыгелдіұлына редакция тарапынан алғыс білдіреміз.

 

                                                                                                     (Өз тілшімізден).

Шығыс Қазақстан облысы

 

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

900 сағат ұшқан АҚШ-та 22 жастағы қазақ жігіті АҚШ-та алып әуекомпанияның ұшқышы болды

Жұлдыз болып жарқыра!

Енді балалар TikTok-та күніне тек 60 минут отыра алады