«Тәрбие деген не?»
«Тәрбие деген не?» мақаласында Қазақтың бір туар ақыны, аса көрнекті лирик, сыршыл ақынның бірегейі, прозашы,публицст, ағартушы педагог, аудармашы қоғам қайраткері Мағжан (Әбілмағжан) Жұмабаев Бекенұлының мәдени мұрасы «Педагогика» – кітабынан бастау алып, қазіргі қоғамдағы тәрбие жайлы терең талдау берілген. Автор ежелгі дәстүрлі тәрбие мен тарихи оқиғалардың қазіргі ұлттық құндылықтар мен өмір салтын қалай қалыптастырғанын көрсетеді, осы құндылықтардың қазіргі әлемде сақталуы мен бейімделуін талқылайды. Мақалада сондай — ақ дәстүрлерді сақтау мен дамытудағы жастардың рөлі, жаһандану жағдайында еліміздің мәдени мұрасының болашағының — болашағы қарастырылып, мәдени прогрес пен өзін — өзі дамыту үшін өткен мен бүгіннің үйлесімділігінің маңыздылығы атап өтіледі.
Тәрбие деген не? Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандайда болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі Ал енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын, кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша, тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі деп айтқан екен — Мағжан атамыз.Тәрбиені төрт түрге бөліп қарастыруға болады:
1 Дене тәрбиесі.
2 Ақыл тәрбиесі.
3 Сұлулық тәрбиесі.
4 Һәм құлық тәрбиесі.
Егер адам баласына — осы 4 тәрбие толық берілсе, адам баласының тәрбиелік құндылығы да толық болғаны деп санаймын. Балам адам болсын деген ата — ана осы төрт тәрбиені дұрыс сақтап орындай білсе, баланың болашағы керемет болары хақ. Адам баласы — қоғамдағы нөмірі бірінші орында тұратын ақылды, саналы, білімді, ойлау қабілеті жоғары деңгейдегі, ерекше жан. Баласы — адам болсын, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылып тұратын, адамгершілік, ар — ұят, имандылық қасиеттерін жоғары қоятын тұлға болуын, кез — келген ата-ана қалайды.
Бірақ? балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші, ата — ана, мұғалім тәрбие жолын ешкімнен үйренбей, еш нәрсе оқып білмей, өз бетімен бере ала ма? Жоқ. Бұлай емес. Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер түрі деп санаймын. Балаға дұрыс тәрбие беру үшін басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек, тәрбие айдынындағы тәжірибиелерін көрсеткен жеке бір пәнмен, яғни тәрбие пәнімен таныс болу керек. Ол тәрбие пәні — педагогика.
«Педагогика» грек елінің сөзі – пед — бала, агоги — жетектеу деген екі сөзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып, мектепте алып келіп жүретін кәрі құлдар –«педагог» деп аталған. «Педагог» деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан көруге болады. Бірақ соңғы заман кезеңдерінде ғылым өсіп адамзат, қоғам дамып «Педагог» деген ұғым қадірлі, қасиетті болып барады.
Балаға тәрбие бергенде кез — келген педагог (мұғалім) өзінің тәжірибесімен біліміне сүйенеді. Бала негізгі тәрбиені мектеп қабырғасынан, ұстаздан алады. Өйткені оқушы 5-6 сағатын өмірінің жарты күнін мектепте өткізеді, білім алып тәрбие мен тағлым туралы ой санасы қалыптасып, кеңейе түседі. Кез — келген мұғалім Мағжан Жұмабаев атамыздың «Педагогика» оқулығынан білім алып өз білмін шыңдайды деп ойлаймын. Педагогика тарихы — ерте кезеңдегі бала тәрбиесімен бүгінгі күнге дейінгі тәрбие дүниесіндегі тәжірибиемен тығыз байланысты білім көзі болып табылады. Кез — келген мұғалім педагогика тарихымен танысып, білімін арттырып, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.
Ұстаздың еңбегі — бала тәрбиесіне келгенде ерекше бағаға ие. Ұстазбен тығыз байланыс орнатып бала тәрбиесін дамыту ата — ана жауапкершілігі. Сонымен қатар әрбір тәрбиеші қолданатын жолы — ұлт тәрбиесі. Ұлттық тәрбие ол біздің негізгі маңызды құндылығымыз. Ата — ананың ұлттық тәрбиені негізге ала отырып, заман талабына сай, тәліммен ұштастырып өзінің баласын тәрбиелеуі, жаңа заман талабы. Үнемі баланы шектеу, тиым салудан — бала, жасқаншақ, тұйық, өз көзқарасы қалыптаспаған, қоғамда төзімсіз тұлға болып қалыптасуы әбден мүмкін.
Мағжан Жұмабаев — негізгі тәрбие бастауы мұғалім және отбасына байланысты деп тұжырымдайды. Қазағымның әрбір ұрпағы саналы, ұлт мүддесін қорғайтын, иманы бар, бәсекеге қабілетті, білімді, рухты, азамат болуына ата-аналар мен ұстаздар барынша көңіл бөліп,болашақ ұрпағымыз биік шыңдарды бағындырады деп ойлаймын!!!
Диас САТЫБАЛДЫ
Абай атындағы РММИ, Алматы қаласы
11 сынып оқушысы.
Сурет: Kazislam.kz