Ақ дидарлы жүзінен күн күліп, ай нұрланған!
Ана хақында қанша ой толғап, жыр арнаса да, иін тіреген шығармалар жазылса да, Ананың құдіреттілігін айтып, эпилог деп нүкте қоя алмаймыз. Жылдар жылжыған сайын аналарымыздың атқаратын ісі де, жауапкершілік жүгі де молая түсуде. Соған қарамастан жадыраған жарқын күлкісімен, мойымас қайсар мінезімен қиындықтарды артқа тастап келеді. Жаңа заманға қарай мамандықтардың жаңа түрлері қатарға қосылуда. Ердің жүгін арқалаған асыл аналарымыз, аруларымыз бен кемелділікке кенелген келіндеріміздің өнегесімен мақтансақ та, мақтасақта жарасымды.
Ана үшін жыл он екі айдың әр күні, сағаты мен минуты перзенті үшін тынымсыз қарбаласқа толы. Тәулігіне жиырма төрт сағаттың бір секунды босқа өтпейді. Бауыр еті баласы үшін бар жақсылықты, ізгілік пен мейірімділік, адамгершілік пен жанашырлық, бауырмалдық пен өжеттікті, мінез бен сұлулықты жүрегіне сыйғыза білген аналарымыз жер бетіндегі ең әдемі жан!
Қымбатты аналар! Қадірлі әжелеріміз! Оқырмандарымыздың аналары мен әйел – ана ұлағатты ұстаздары, сүйкімді оқырмандарымыз! Сіздерді көктем мерекесімен, халықаралық Аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңіз сау, ғұмыр жастарыңыз ұзақ, отбасыларыңыз аман болсын!
Дидарыңыз күндей жайнап, айдай нұрлана берсін! Сіздердің аялы алақандарыңызбен әлем жылынып, дала алқызыл гүлге орансын! Ұрпағыңызға арнаған әр батаңызбен көгеріп, даналығыңыздан ұлағат алсын! – деген тілекпен:
Республикалық «FARABI SHAKIRTI»
журналының редакциясы.