«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Ақтауда суға батқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім марапатталды

Ақтауда суға батып бара жатқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім Амир Аббасов марапатталды. Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов 16 жастағы Амир Аббасовқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқанды құтқарғаны үшін» медалімен мараппаттап, арнайы сыйлық табыстады.

Естеріңізге сала кетсек, Амир Аббасов 16 маусым күні теңізге батып бара жатырған баланы құтқарған болатын. Теңіз жағасында серуендеп жүрген 16 жастағы Амир суға батып бара жатырған баланы көріп, ойланбастан суға секірді. Өз басын қатерге тіккен Амир Аббасов бұл ерлігін азаматтық борышы санайды.

Алматылық жасөспірімнің өзі де, ата-анасы да Ақтаудың тумасы. Жаз айында Амир Аббасов ата-әжесіне қыдырып келіп тұрады.

-Мен ұлымның бұл ерлігін мақтан тұтамын. Дегенмен сол сәтте ұлымның өмірі үшін алаңдағаным рас. Баламның ерлігін ескеріп, марапаттаған азаматтарға алғысым шексіз. Балаларымыз аман болсын!, — деді Амир Аббасовтың анасы Сәуле Бекмұхамметова.

Ақтау қаласы әкімдігінің ресми сайты

Сәйкес жаңалықтар

Инкубатор құрастырып шықты

Астаналық оқушы жол таңдамайтын электронды велосипед ойлап шығарды

Ауыл баласы Лондонда ғарыш компаниясын басқарады