Болашақта Месси, Роналдо, Мародона, Пеле, Сейілда Байшақов, Тимур Сегізбаев сияқты мықты футболшы болу, менің арманым, — дейді кішкентай футболшы, Талдықорған қаласындағы «Білім — инновация» лицейінің оқушысы А. Ханалы. —Ал, мақсатым – сабақта жақсы және өте жақсы деңгей көрсету.

    Абдусамад лицей футбол клубының құрамында ептілігімен, шеберлігімен командасының алға суырылып шығып, жеңіске жетіп танылуына ұмтылып келеді. Сабақтан  бос кезде стол теннисін де қолдан бермей келеді.
Алматы қаласында туылып, әкесінің қызметіне сәйкес бірінші сыныпты Тараз қаласындағы №1 гимназиясында  қазақ  сыныбында бастады. Бастауыш сыныптағы ұстазы Садыбаева Индира Серікбайқызы шәкірттеріне бастауыш білімінің негізін қалап, олардың жан-жақты дамуына бар күш-жігерін арнай білді. Отбасындағы балалардың қалаған ісімен айналысуына ата-ананың да қолдауы аса қажет. Бастауыш сыныпта — ақ Абдусамад суға жүзу, шахмат, футбол үйірмелеріне қатысты. Ал 2, 3, 4 сыныптарды әкесінің қызметі ауысуына орай  Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласындағы «Ақылтай» мектебінде  оқуын жалғастырды. Бішкек қаласына келген соң да спорттан қол үзбеді. «Avangard-Kids» спорт клубындағы суға жүзу жарысында (2020 жылғы 29 қараша) бірінші орынды иеленді.
      Абдусамадтың  ата – анасы бауырларымен Астана қаласына көшіп келгеннен кейін де «Derby» футбол командасында жаттықты. Футболға бар ықыласын аударып, командалық жарыстарда үздік ойын көрсеткені үшін команданың бас бапкері М.Абдыхамидовтан мақтау қағазын алды. Астана қаласындағы жасөспірімдерге арналған «Астана жастар футбол командасына» қабылданды. Атбасар, Қарағанды қалаларында ұлдар арасында футболдан өткен жарыстарда жүлделі орынға ие болды.
     Ханалы Абдусамадтың әкесі Ханалиев Жасұлан Рахымбайұлы, анасы — Ханалиева Ләззат Мақажанқызы жоғарғы білімді, бірнеше тілді меңгерген ұстаз, әрі екінші мамандығы бойынша экономика саласының маманы. Үш баланың анасы. Ең үлкені Абдусамад. Еркежан Астана қаласындағы Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 орта мектептің 6 сыныбында оқиды. Эстетикалық топтық гимнастикадан көптеген жарыстарға қатысып, топ жарып келеді. Қалалық және Республикамыздың облыс орталықтарына барып, жүлделі орынмен келіп жүр. Халықаралық көркем гимнастикадан өткен байқауларда жүлделі орынды иеленуде. Ең кішкентай қарындасы Рахымбай Гүлбақыт  Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық хореография академиясының бірінші сынып оқушысы.
     Абдусамадтың атасы Ханалиев Рахымбай – елімізге танымал фототілші, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Республикалық газет — журналдарда қызмет атқарды.Өмірінің соңына дейін республикалық «Қазақстан-ZAMAN» халықаралық газеті бас директорының орынбасары болды. Әжесі  Айтбаева Априза — философия ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақстанның құрметті журналисі».   Бүгінде, немерелерінің сүйікті әжесі, жастардың ақылшы аналарындай қоғамнан қол үзбей келеді.
      Дегенмен, адам өмірі, өзгеріссіз болмайды. Мүмкін өсе келе өзгерер. Қазіргі білім алып отырған лицей ұстаздары да Абдусамадтан үлкен үміт күтеді. Біз де жас футболшыға жолың болсын дейміз. Ел ертеңі деп сенім білдіріп отырған Абдусамад және оның достарына болашақта өмірден өз орындарын адаспай табуына тілектеспіз.
  (Өз тілшімізден).
    
                                                                                                

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *