Алтын жүрек анамыз
Алтын жүрек анамыз,
Бала алдында дарасыз.
Мейірімнен нәр алып,
Әлемге шуақ шашасыз.
Өзіңізбен мақтанамыз,
Күлкіңізден жаралғанбыз.
Аялайтын, қастерлейтін,
Алтын жүрек анамыз.
Жүректе — батыр болып жатталасыз,
Есімде –а сыл тұлға саналасыз.
Сәби кезден еркелетіп өсірген,
Құдіретті, алтын жүрек анамыз.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Менің балам деп жүрген.
Жанын берер біз үшін —
Ана атты жан екен.
Ана деген қымбатты,
Бәрінен де сымбатты.
Ана деген жан жүрек,
Одан туған біз түлек, — деп барлық аналарымызды, құрбыларымды 8 – наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Ақбота АБАЕВА,
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№202 мектеп-гимназиясының
10”В” сынып оқушысы