«Адам» — өмірдегі тіршіліктің маңызды бір бөлшегі — деп санаймын,қоғамдағы тарихи кезеңдер мен мәдениетті құрушы.

Мектеп қабырғасында, оқулықтар мен ұстаздардан алған білімімді жинақтап ой түйетін болсам – «Адам» баласының қоғамдағы рөлі өте жоғары, адам барлық дүниені, ғылым мен философия, әлеуметтік саланы, адам психологиясын, педагогика, медицина, физиология ғылымдарының негізін салушы. Осы ғылымдардың негізін құрып, көптеген жаңалықтар ашып, ғалым адам атануы — үлкен жетістікке жетуі — ол алған қойған арман мен мақсаттардың нәтижесі деп санаймын. Жер бетіндегі миллиардтаған адамның әр түрлі асқақтаған арманы бар…  Әр тұлға армандаған арманына жету үшін, қанаты талмай ұшқан құстай еңбек ете біліуі тиіс…

Адамның арманына жетуі үшін жан-жақты терең, бәсекеге қабілетті бола алатындай білім алуы тиіс, сонымен қатар үнемі өзін-өзі дамытуы қажет  деп есептеймін. Ұлттық мүддені ұстана отырып, рухани жағынан өзіңді дамытуың керек. Ұлттық мүдде — ол әр азаматтың ұлттық дәстүрі мен салты, санасы, рухани және материалдық мәдениетін білуі мен құрмет тұтуы.

Менің асыл, асқақ армандарым өте көп… Арманымның орындалуына жан-жақты білімімді дамытып, өзімді дамыту үстіндемін. Менің арманым әзірше құпия болып қалады….

Өзім сияқты асыл арманға жүректері толы, жас замандастарымның да армандарының орындалуына шын жүректен тілектеспін!!! Адамды адам етіп, биік шыңға жеткізуші — ол әр тұлғаның алға дұрыс арман қойып, арманға жету үшін аянбай еңбек етуінде деп айта аламын.

Сәттілік серік болсын армандастарым менің!!! «Арман» ол — адамның қанаты, ал қанатсыз- «құс» ешқайда ұша алмайды…

 

САТЫБАЛДЫ Диас Сатыбалдыұлы,

Абай атындағы РММИ түлегі.

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *