Ерболат Досаев және Жаннур Нуржан. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі, батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    «Сіз түсірген видеоны әлеуметтік желіден көрдім және көп алматылық сияқты бұл оқиға мені де бей-жай қалдырмады. Бір жағынан, жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екіншіден, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым. Ересек адамның өзі мұндай қадамға барып, көпшілікке қарсы тұруға батылы бармас еді. Біздің Президентіміз айтқандай, Әділетті Қазақстанды жауапты әрі адал азаматтар ғана құрады. Сіз жоғары жауапкершілік таныттыңыз. Мұндай жастар барда, болашаққа деген сенім бар», — деді әкім кездесуде.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктердің бірінде қария еденге абайсызда тосап төгіп алса керек, ашуланған жолаушылар оны жерден алып, жерге салған. Бұған шыдамаған бойжеткен қарияның мұны әдейі істемегінін айтып, түсіністікпен қарауға шақырған. Соңында едендегі тосапты өз жейдесімен сүртіп алған.

AstanaTV

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *