«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
БілімОқиға

Атырауда оқушы қыз үйінен қашып кетті

                   Оны ата-анасы намаз оқуға мәжбүрлеген

       АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Атырау қаласында 14 жастағы қыз ата-анасы намаз оқуға мәжбүрлегеннен кейін үйінен қашып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Atpress.kz порталына сілтеме жасап.

Облыстық дін істері басқармасының жетекшісі Қайролла Көшқалиевтың айтуынша, теологтар оқушы қыздың ата-анасымен сөйлесіп, профилактикалық шара өткізді. Тура сондай жағдай Ханафи мазһабын ұстанатын бір отбасында болған.

Жасөспірім қыз үйінен қашып кетті. Полицейлер оны тапты. Сол кезде оқушы қыз ата-анасының намаз оқуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Алайда тексеріс кезінде оның өтірігі шығып қалды. Жасөспірім бірнеше рет ұрлық жасаған. Өзін ақтау үшін өтірік айтты.

     «Меніңше, қаладағы барлық спорт залды «Сергек» бейнебақылау жүйесіне қосу керек. Теологтардың түсіндіру жұмыстарымен ғана шектелуге болмайды«, — деді Көшқалиев облыстық комиссияның отырысында.

Ал спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Нұржауған Төлеуова арнайы рейд кезінде бірде-бір ұжымдық намаздың анықталмағанын мәлімдеді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Психикалық ауру 2,7 есе артқан

farabi shakirti shakirti

Ең жас әлем чемпионы мектепті «Алтын белгіге» бітірді

farabi shakirti shakirti

Kazakhstan’s National Robotics Team Formed at Alem Tech Fest 2026