Белгілі меценат, Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы Жұмабек Жанықұлов кезінде аула сыпырушы болып жұмыс істегенін айтты. Кәсіпкер оқушы кезінде репетитор жалдау үшін қосымша ақыға еңбек еткен. Бұл туралы Жанықұлов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты.

Жұмабек Жанықұлов ел тәуелсіздік алған жылдары Алматыдағы «физмат» мектебіне түскенін айтады. Сөзінше, ол оқу ордасына 10-сыныпта қабылданған. Өзге қатарластары 8-сыныптан оқығандықтан, математикадан үлгерімі нашар болған. Мектептен шығып қалмау үшін ұстазы қосымша репетитор жалдауға кеңес берген.

«Сол жылдары әкем Алматыға келіп қалды. Мұғалімнен: «Баламның үлгерімі қалай?” деп сұрағанда «жақсы» деген. «Көрсетсейші» дегенде журналдан тек екіліктерді көрген.

«Әй, бала, не істеп жүрсің? Кеттік ауылға», – дегенде сынып жетекшім аман алып қалған. Бұл жердің «2-сі» ауылдың «5-нен» көп деген еді. Математика пәнінің мұғалімі: «Мына түріңмен мектепті бітіре алмайсың, репетитор жалдауың керек. Әкеңнен ақша сұра», – деді. Әкемнен ақша сұрай алмаймын, сұрағаным, ауылға қайтқаным еді. Сонда апайым осы мектепте ауланың дворнигі боласың деді», – дейді Жанықұлов.

 

«Stan.kz» сайтынан алынды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *