«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Басты ақпарат

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады

2024 жылдың аяқталуына 2 айдан аса уақыт қалды. Желтоқсанда отандастарымыз мерекеге орай бірнеше күн демалыс болады,-деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қосымша демалысқа шығады. 2024 жылы мереке дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан отандастарымыз қатарынан үш күн демалыс алады.

Демалыс күнінің кестесі мынадай:

14 желтоқсан, сенбі: алты күндік жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күндік жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;

15 желтоқсан, жексенбі: демалыс күні;

16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні. Бұл күні барлығы демалады.

Ал 30 және 31 желтоқсан күндері жұмыс күндері болады. 2025 жылдың қаңтарында қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесіне орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Ал 3 қаңтар жұмыс күні.

Еске сала кетейік, қазан айында еліміз 25 қазан Республика күніне орай демалады.

BAQ.KZ

Сәйкес жаңалықтар

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заң мен тәртіпті бұзғандардың бәрін батыл түрде жауапкершілікке тарту қажет»

farabi shakirti shakirti

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

«Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!»

farabi shakirti shakirti