Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің құрылғанына өткен жылы 100 жыл толды. Архивтерде сақтаулы тұрған құжаттар баға жетпес байлық, ұлтымыздың қазынасы. Ұлылардан ұлағат өнеге алу үшін олардың өмірі мен шығармашылық өмірбаяндарына үнемі қайта оралып ой салатын тұстарын жиі-жиі еске алып тұрсақ одан ұтылмасымыз хақ. Ол келешек ұрпақтар үшін керек.

Біздің бүгінгі рухани зәрулігіміздің қажетін молынан өтейтін Сапар Байжанов мұрасының тағылымдық тәрбиелік тұсына осы мақсатта тағы бір үңіліп көрейікші. Сапар Байжанов архивтерде сақталып жатқан құжаттардың негізінде тың туындыларлармен толықтырып тарих қойнауына өзіндік үлесін қосқан тұлға. 1983-1994 жылдарда Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы Архив бас басқармасының бастығы болып қызмет атқарған кезінде Қазақстанның архив ісінің дамуына көп еңбегін сіңірген тұлға. Сапар Байжановтың жеке құжаттары 1990 жылы өзінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивіне қабылданған болатын.

Байжанов Сапар 1930 жылы қарашаның 19 жұлдызында Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Шайқорық дейтін жерде туған, 69 жасында 1999 жылы мамырдың 4 жұлдызында Алматы қаласында дүниеден озған. Байжанов Сапар — журналист, жазушы, Қазақстан журналистер одағының төрағасы, «Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы, Кеңес және Қазақстан жазушы, Қазақ ССР министрлер кеңесі жанындағы Терминология және ономастика комиссиясының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. «Замандас туралы толғау», «Архив — айғақ», «Абай және архив», «Қажыға барған қазақтар», «Алакөбеде оят мені» және тағы да басқа көптеген шығармалардың авторы.

 

Нұрдәулет Купесов
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві
жеке қорлар және тарихи құжаттарды топтастыру
бөлімінің жоғары санаттағы архиві

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *