Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді

      Афина, 2023 жылғы 18 қазан – Республика күніне орай Афинаның ең биік нүктесі – Ликавитос тауында Қазақстанның көк туы желбіреді.

Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр жоғары биіктікте орнатылған қазақстандық туды тамашалай алды.

Афинаны қоршап тұрған жеті төбенің ішіндегі ең биік Ликавитос шыңынан Грекия астанасының ең көркем және кең панорамасы ашылады.

Грек аңызына сәйкес, Ликавитос тауын Акропольге апара жатқан тасты осы жерде құлатып алған Афина құдайы жасаған. Ежелгі уақытта төбеде «шыңда тұратын Зевстің» киелі орны болған. Ликавитосты «Қасқыр тауы» деп те атайды, өйткені бұл атау грек тілінен аударғанда «қасқырлар тұратын тоғай» деген мәнді білдіреді.

Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді.

Осындай бірегей құттықтауды негізгі миссиясы елдер арасында сауда, инвестициялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету болып табылатын Қазақстан-Грекия Іскерлік Кеңесі ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігінің ресми сайты