Қазақтың қайсар журналисті — Бейсен Құранбек
Саққұлақ би:
«Адамның басшысы — ақыл,
жетекшісі-талап,шолушылсы — ой,
жолдасы –кәсіп,
қорғаушысы-мінез,сынаушысы –халық».
Танмал ележүргізуші Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды. Саналы ғұмырын журналистика саласында тер төгуге арнаған Бейсен Құранбектің өмірлік ұстанымы-адалдық, шыншылдық,жауапкершілік еді.
Ұрпақ тәрбиесінің жүйесін түгел белгілеп бергенің ескерсек, тал бойынан осы қасиеттердің бәрі де табылатын Бейсен Құранбек есімін Қазақстанда білмейтін адам бүгінде жоқ десе де болады. Ол осы қасиеттердің бәрін қаламгерлік қарымына, қайраткерлік болмысына, кәсіби шеберлігіне жұмылдыра білді. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ», — деп, қашанда өз жұртының мүддесі тұрғысынан биік мінберден жасындай жарқылдап халықтың жан айқайын жеткізді. Қиналған қаншама адамға қолұшын созды. Эфирге шығарды, мәселесінің шешілуіне көмектесті. Қаншама адамды көрерменмен қауыштырды. Салиқалы ой айтты.
Бейсен ағамыздың елге сіңген еңбегі өлшеусіз. Бейсен ағаның жүргізген әрбір эфирін халық үзбей көрді, әр сөзін ұйып тыңдады. Көк жәшіктің арғы жағынан қараған көзі,тұрақты көрермен оның ақ адал ниетін сезінетін. Сол үшін де оның әрбір бағдарламасы елге ыстық болды. Түрлі тағдырды тұла бойынан өткізіп, сүрінгенге сүйеу, жығылғанға тіреу бола білді.
Жалпы, менің де болашақтағы мақсатым: Еліміздің біртуар азаматы Бейсен Құранбек секілді еліме адал қызмет еткім келеді. Ағамыздың «Ар сақта! Намысты бол! Талаптан! Қарекет қыл! Тәуекел ет ! Уәдеге берік бол! Мәрт бол!» деген сөздерін арманым мен мақсатыма тиек етіп,болашаққа нық қадаммен аяқ басудамын!
Бейсен Құранбек өлшеулі ғұмырында өзінің болмысын, өмірдің мәні деген не деген сұраққа жауап іздеп, соның жолын көрсетумен өтті. Адам өміріндегі тап болған қиыншылық төңірегіндегі тақырыпты, даулы мәселенің түйінін шешу мақсатында, бүкіл жұлын-жүйкесімен сезінген адам өмірінің әрбір минутын экзистенциямен өткізуге барын салды. «Бейсен» атты Болмыстың кереметі де осында. Осы философияны арнайы оқымаса да, жан-жүрегімен түсінген ғажайып тұлға. Ол есейген сайын өмірдің қадірін терең түсінді. Болмыстың бүкіл қасиетін барынша ашып,үлгеруге оған қырық тоғыз жыл ғұмыр жеткілікті болды.
«Білімді болып өсу үшін қазіргі заманда барлық мүмкіндік бар. Мына жаһандану заманында сен біліміңнен кеш түсетін болсаң,онда қатарыңнан қалксың. Ал,сен қатарыңнан қалсаң,ел де көштен қалады», — деген Бейсен Құранбек ағамыздың өз бағдарламасында айтқан сөзің әр оқушы санасына түйіп өссе деймін. Ағамыздың осы бір асыл сөздерің өзіме де арқау етіп, журналист боламын деген үлкен мақсатқа жол тарттым. Бейсен ағамыздың бойындағы қасиеттерінен үлгі ала отырып, уақытымыз мол, оқуға жағдайымыз бар балалық шағымызда, телефонға үңілмей, пайдасыз ақпараттарды көруге арнамай, қайта ойымызды ретке келтіріп, бойымызды жаман әдеттерден аулақ ұстауға тырысуымыз керек. Себебі, адамгершілік, адалдық, үлкенді құрметтеп,кішіге ізет көрсете білу сияқты асыл қасиеттер бойға кітап арқылы сіңеді.
Бейсен Құранбек ағамыздың әрбір жүректі жаулаған адамгершілігі, қарапайымдылығы, біріншіден,ана сүтімен, әке қанымен берілген десек, екіншіден, көп оқығанның, ізденгеннің нәтижесі. Сондықтан әрқайсысымыз қолымызға кітап алып, білімді болуға тырысуымыз керек. Білімді болсақ мықты маман боласың. Ал, жақсы жандар, білікті мамандар көп болса, еліміз де дамиды, өркендейді.
Ақбөпе МОЛДАШЕВА,
Е.Бекмаханов мектебінің 11-сынып оқушысы
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ұзынбұлақ ауылы