Қазақстанда ата-анасы немесе заңды өкілінің рұқсатынсыз TikTok, Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында кәмелетке толмағандарды тіркеуді шектеу шараларын қабылдау жоспарланып отыр.

Жоба қабылданса, Instagram, Facebook, WhatsApp, «ВКонтакте» платформаларында кәмелетке толмағандарды заңды өкілінің рұқсатынсыз тіркеуге шектеу шараларын енгізу 2025 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.     

      Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ, бұны осы жағынан түсінетін адамдар санаулы. «Жақсы» мен «жаманды» айырғаным емес, бар болғаны фактілерді ұсынбақпын.

Әлеуметтік желінің біз үшін тиімді, әрі зиян жақтары көп.

Тиімді жақтарын бәрі біледі десекте болады. Бірақ зиян жақтарын ешкім ойламайды да. Мысалы: көз жанарын құрту, шын әлемнен ажырау, ой-сананың бұзылуы, уақыт шығындау, желіге байланған балалардың еріншек болуы, таза ауаға шықпай үйде отыра беруі – бала денсаулығына өте зиян екенін біле тұра, оған мән бермейтін балалар қатары көбеюде. Бесіктегі баланың өзі шамадан уақыт өлеңдер, ертегі тыңдағандықтан, оның жүйкесінде өзгерістер пайда бола бастаған айтатын аналардың өздерә ұл-қызын пайдасыз дүниеден алыстатуға мән бермейді.

Мектеп жасындағы, яғни 1- сыныптан жоғары сынып оқушыларының барлығының жеке парақшалары, оған тіркелген достары бар. Солармен онлайн ойын ойнап, әңгіме айтамын дегенше кеш батқанын байқамайтын балалардың да бары рас. Әлеуметтік желілерде тым көп отырудың пайдалы жақтары да бар. Десекте, 15 жастан төмен балалар Facebooк беттеріне неге ие болмау керек деген сұраққа жауап бере кетсем.

Себебі, қазір барлық әлеуметтік желіде ақпараттар, түрлі мошенниктер көп. Әр бетін ашқан сайын, жаңа мәліметтер білесің. Түрлі жағымсыз мәліметтер мен сайт беттері 15 жастан төмен балалардың ой-санасына жағымсыз жағынан ықпал етеді деп ойлаймын. Күн өткен сайын техника мен технологиялардың жаңаруына, соңғы үлгілерінің шығуына байланысты адамдардың санасын арбайтын ойындар, алаяқтар да көбейіп отыр.Ақпараттарға сүйенсек, қаншама адам интернет алаяқтардың арбауына түсіп жатыр.

Сол себепті, 15 жастан төмен балаларға арнайы сайттарды ғана көрсету керек деп ойлаймын. Интернет пен әлеуметтік желілер жас ұрпаққа дұрыс әсер етуі де, кері әсер етуі де мүмкін. Баланың дамып жатқан кезінде,  ой-санасына, психологиясына әлеуметтік желі әсер етеді деген ойдамын. Әлеуметтік желілерді артық пайдалану ұйқысыздыққа әкеліп, мазасыздандырады, агрессивті мінез-құлық пайда болып, басқа да проблемалардың пайда болу мүмкіндігін тудырады. Сонымен қатар, жасөспірімдердің түрлі медиа желілерге кіруі кибербуллинг деп аталатын интернет арқылы ізіне түсу/қорқыту қаупін арттырады.

 

 

 

МЕЛС Дана,

Алматы қаласы, №169- мектеп-лицейінің

11 «А» сынып оқушысы

Дереккөзі: Qazaqstanтелеарнасы; inbusiness.kz

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *