«Алдымда толған мақсат,толған таңдау,

Алайын анасын ба ,мынасын ба?..»  

 Сұлтанмахмұт Торайғыров

    Ақын айтқандай, сан тараулы өмірдің бір арнасына түсетін кезіміз де жақындап қалған сияқты. Осы мамандық таңдау жайлы мен 5-сыныптан бері ойланып, әр салаға қызығушылық таныттым. Кішкентай кезімнен ұстаз боламын деген періште қыз, қазір таңда журналист болу мақсат етті. Ал,журналист боламын деген ойға келуінің де, өзіңдік бір ерекше себебі бар.

Мен,ата-анамның тұңғыш қызы боламын. Ата-анам 18 — жастарында, нағыз жастық шақтың қызу кезінде отау құрған. Араға ұзақ уақыт салмай мен дүние есігін аштым. Өмірде түрлі сынақ,сан түрлі тарау болғасын, менің де жас ата-анамды өмір сынақ жолына салды. Кішкентай қыз, яғни,мен 2 жасымда қатты сырқаттанып, ауруханаға түскеннен, ата-анам үлкен ауыртпашылықты көтерді. Жас студенттер, әлі де өмірдің ағымына ілесе алмай, тұңғышын, ауылға атасына қалдырды….

Араға жылдар салып, мен есейіп, ата тәрбиесің көріп өстім. Әр ұйықтарда кітап бетіне көз жүгіртпесем, ұйықтамайтын әдетім болды. Теледидардан айтыс көріп, бала кезімнен ақ параққа қалам ұшын тигізіп, өлең — жыр жаза бастадым. Атам, бойымдағы өнерді байқап үнемі журналист болады менің қызым, мені теледидар арналарына шақырады деп армандайтын еді. Уақыт сырғып, жылдар өтті. 2016 жылдың тамыз айында тас қамалым атам мәңгілік сапарға аттанды. Мендегі есеймеген сәби жүрек, әрі қарай, қалай алға жылжимын, кім мені қолдайды, кім менің жетістіктеріме қуанады деген қараңғы түннен шыға алмадым…

Есейіп,өзгеге үлгі болар кезімде ұстаз боламын деген ойдан бас тартып, журналист боламын деген ,атамның арманың орындауға ниет етіп,әрекетке көштім. Арман…Мақсат…. Болашақ осы егіздей үш тұжырымды нақтылап ,елімнің еңсесі биік, атам қалаған журналист болуыма азғантай уақыт қалды. Мен жарқын елдің жастарының бірімін. Мен болашағымның жарқын боларына сенімдімін. Мен таңдаған мамандық, Қазақстанымның дамуына орасан үлесін қосатын болады. Атам өз қиялында елестеткен журналист болу үшін, журналистика мамандығын жаңа қырынан, әрі жаңа бағытта, өзгеше тұрғыда әлемге танытқым келеді. Журналистика мамандығына оқуға түсе отырып, мен білікті маман иесі, еркін ойлай алатын, жаңашыл журналист, өз ісінің һас шебері атанатыныма еш күмәнім жоқ. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын!

МОЛДАШЕВА Ақбөпе,

                                                                                                                                                   Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

                                                                                                                                                                                           Ұзынбұлақ ауылы

                                                                                                                                                               Көк аспан суреті: ScieNews.com

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *