Барыс жылының бала батырлары!

 Әлиханның батырлығы

    Бұл оқиға 14 шілде күні таңертең болды. Қарасай ауданы Іргелі ауылының оқушысы Әлихан Бейсенғалиұлы кішкентай қыз бала дәретхананың шұңқырына түсіп кетіп, кәріз суына тұншығып қалғанын естіп, оқиға болған жерге барған. Әкесі қызын сыртқа шығаруға ұмтылғанымен, тесік тар болғандықтан, шұңқырға кіре алмаған. Осы сәтте Әлихан көмекке келіпті. Ересектер оны арқанмен шұңқырға түсіріп, қызды ұстаған соң, екеуін арқанмен тартып алған.

   Қуанышқа орай, балалардың ешқайсысы медициналық көмекке мұқтаж болмаған. ТЖД қызметкерлері балалар улы иіске тұншығып қалуы мүмкін екенін айтты. Олар ерлігі мен баланың өмірін сақтап қалғаны үшін кішкентай батырға ведомстволық награда тапсыруға уәде берді.

                    Ерлігі үшін пәтер кілтін табыс етті

Сурет: куәгер ұсынды

   Дәл осындай оқиға тамыз айында Қызылордада болған еді. Екі жасар бала ашық тұрған кәріз құдығына құлап кеткен. Көмек сұраған дауысты 15 жастағы жасөспірім Арман Аманжолов естіген. Ол баланы құтқару үшін кәріз суы толтырылған төрт метрлік құдыққа түсті. Балаларға сол маңнан өтіп бара жатқан адам дар мен зейнеттегі полиция қызметкері Талғат  Мырзабеков көмекке келіпті. Олар кішкентай бала мен жасөспірімді шұңқырдан шығарып алды.

  Көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Арманға Қызылорда облысының әкімдігі осы ерлігі үшін пәтер кілтін табыс етті.

        «Суда батқандарды құтқарғаны үшін»медалінің иегері

     Атырауда 8 жастағы оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай суға батып бара жатқан екі баланы құтқарды.     3 желтоқсан Жұмыскер көпірі маңында 2008 және 2013 жылы туған екі жасөспірім мұз үстінде ойнап жүргенде кенеттен мұз ойылып, балалар суға түсіп кетеді. Оны байқаған Дінмұхаммед еш ойланбастан балаларды ағынды судан шығарып алған.

   «Суға батып бара жатқан балаларды көргенде, бар ойым оларды құтқарып қалу болды. Судың ағыны қатты болды, уақыт та өте тығыз еді. Мұздың ойығына жүгіріп жетіп, балаларды судан шығарып алдым. Оларды құтқару үшін қолымнан келгенді жасадым», — дейді ол.

   Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларға көмектесіп, ата-аналарына аман-есен тапсырды.

   «Баламды ажалдан құтқарған Дінмұхаммедке ержүрек әрекеті үшін алғыс білдіремін. Ол болмағанда бұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталушы ме еді?! Осындай батылдығы үшін ол зор құрметке лайық. Ержүрек қасиетке баулап өсірген ата-анасына да үлкен рақмет! Дені сау болып, аман өссін», — дейді 9 жастағы жасөспірімнің анасы.


 Аида Тақабаева,

Zakon.kz