Достық — жеңілмейтін күш
«Махаббат, достық, бауырмалдық — адамның ең бір асыл қасиеттері».
Ғабит Мүсірепов
«Сын сағатта, ауыр күндерде бауырмалдық пен ынтымақтастық нығаяды, бекиді, қатая түседі».
Бауыржан Момышұлы
«Барлық адаммен дос адам, ешкімнің досы емес».
Аристотель
«Мінсіз дос іздеген доссыз қалады».
Әл – Фараби
«Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен».
Әл – Фараби
«Жүргендер көп достық атын малданып,
Қалмағайсың сен де бірде алданып».
Әл – Фараби
«Басымыздағы нығметтердің қызығы оны достарымызбен бөліскенде арта түседі».
Аристотель
«Екі адамның бір — біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы».
Әзілхан Нұршайықов
«Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды».
Омар Хайям
«Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ».
Тоқсары
«Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ».
Тоқсары
«Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады».
Тоқсары
«Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп…
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп».
Махамбет Өтемісұлы
«Кіммен жүргеніңе, кіммен дос болғаныңа мұқият бол. Өйткені бұлбұл гүлге, қарға қоқысқа жетелейді».
Жалаладдин Руми
«Үнсіздік – ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды».
Конфуций
«Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз – оны жалғызсыратпайтын айрылмас адал досы — өзінің ОЙЫ ғана».
Оралхан Бөкей
«Қиын күнде қол ұшын берген — нағыз дос,
Жайшылықта доспын деген — жай сөз».
Саиф Сараи
«Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда».
Жүсіп Баласағұни
«Білімділер» сайты; Oilar.kz
Сурет: «Ақмешіт жастары