Омар Һайям — парсы математигі, астрономы, ақыны (толық аты — Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибраһим аль-Һайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келген, әрі сонда қайтыс болған. Жас кезінде жақсы  отбасының тәрбиесінде болған, әрі өлеңге құмартып өскен, оның кейбір өлеңдері осы күнге дейін жеткен. Нишапурда жұмыс атқарған кезінде, сол кездегі оқымыстылармен бірлесіп сол замандағы күнтізбеге өзгерістер енгізген.

Оның ең негізгі еңбегі «Алгебра мәселелерінің дәлелі» атты кітап. Бұл кітаптың арабша қолжазбасы мен латынша аударма нұсқасы сақталған, әрі қазір көптеген шет тілдеріне аударлып басылды. Оның «Евклидтің геометрияның бастамалары кітабындағы қиын формулаларға түсініктеме» атты кітабы шығыс математикасының дамуына ерекше рөл атқарған.

  Омар Һайямның даналық сөздері

*«Адам деген — әлемнің анық бағы,

Түсінер мұны олардың данышпаны».

*«Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр».

*«Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды».

*«Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер,
Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер.
Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә,
Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер…»

*«Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар. Бірі — не болса соны жей бермей, азығына талғаммен қарайтын жан; бірі — кім болса, сонымен дос болмай, айналысындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам».

*«Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді».

*«Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамыңның өзі сені сатып кетуі мүмкін».

*«Әрекет етпей арманға жетуді ойлау, егін екпей, оны жинаумен тең!»

*«Уайым ертеңгі мәселені шешпейді, тек бүгінгі мазаны алады».

*«Маған адамның кедейлігі емес, оның ойы мен жанының кедейлігі қынжылтады».

*«Бәрін түсіндіруге болады, бірақ бәріне емеc».

 

Bilimall.kz

Сурет: ашық дереккөзінен алынды.

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *