Әлемнің 25 елінен жиналған кіл мықтылар арасында қазақстандықтар бірінші орынға шығып және бірден екі номинация бойынша жүлде иеленді. Олар РФММ, Білім-инновация және Алматы қаласындағы М. Базарбаев атындағы №138 гимназияның оқушылары.

Робототехникадан әлем чемпионаты Кипр Республикасының Никосия қаласында өтті. Біздің елдің намысын Sana Team командасының құрамында Әділ Тұрсынғали, Арнар Дәулетқұл, Осман Ақыпбек, Алдияр Дәулетұлы, Дарын Смайл, Аббас Пахридин, Асылхан Ыбырай, Ілияс Аширалин, Булат Айзерек, Сабыржан Жанайым, Күнгожина Ғазиза и Шолпан Аманкелді қорғады. Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар I орынға ие болып, «Winning Alliance» басты ойын жүлдесін, сондай-ақ шығармашылық ойлау арқылы инженерлік кедергілерді жою бойынша Think Award жоғары төрешілік марапатын иеленді.

«Біздің робот турнирде рекорд орнатты. Осы үш күнде біз әртүрлі елдердің қатысушыларымен өте құнды мәдени және кәсіби тәжірибе алмастық. Осындай мүмкіндіктер үшін біз бірінші кезекте еліміздің президентіне, сондай-ақ Алматы қаласының білім басқармасы мен «Алматы Дарыны» орталығына алғыс айтқымыз келеді», — деді оқушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Sana Team командасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ustem Foundation Қоғамдық қоры ұйымдастырған Daryn first Championship өңірлік чемпионаты барысында Кипрге жолдама алды.

Оқу –ағарту министрлігінің ресми сайты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *