«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Еліміздегі алғашқы ең ұзын автомобиль туннелі пайдалануға берілді

Бүгін ҚР Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиевтің қатысуымен тоннелдің ресми түрде ашылуы өтеді.

Түркістан облысы Шақпақ Баба асуындағы екі жолақты тоннелдің ұзындығы 840 метрді құрайды. Ені — 11 метр, биіктігі — 8 метр.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тоннелдің екі жағында жарықтандыру, желдету, дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерістерін басқаратын диспетчерлік пункттер қарастырылған.

Сонымен қатар нақты уақыт режимінде тоннелді бақылауға мүмкіндік беретін бейнебақылау және өрттен қорғау жүйелері орнатылған.

Тоннелдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған.

Автожол тоннелінің ашылуы қарсаңында 100 адам және 15 бірлік арнайы техника жұмылдырып, арнайы оқу-жаттығулары өткендігін атап өткен жөн. Арнайы жаттығулар шеңберінде тоннелдің қауіпсіздік жүйелері, соның ішінде желдету және өрт сөндіру жұмыстары сыналды. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде көлік құралдарын жедел сүйреу және жол-пайдалану техникасының қозғалысын ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер пысықталды. Жол қызметтеріне нұсқаулық берілді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтынан

Сәйкес жаңалықтар

Әлеуметтік желі және жастар санасы: мүмкіндік пе, әлде тәуелділік пе?

Қазақ қызы – ұлттың айнасы

Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар