Енді балалар TikTok-та күніне тек 60 минут отыра алады

               «TikTok жаңа функцияны жақын арада енгізбек» — деп хабарлады turkystan.kz.

     Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды.

Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok  желісін 1  сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата -анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді.

Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.

                                                            SN.KZ