Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, «Үлкен Дихан»

ауылының тұрғыны, Нұрпейісов Жаңғабыл Байғабылұлының

рухына арнаймын.

Асқар тауым өзің едің,

Алтыннан да қымбатты.

Сырласушы ем, әңгіме айтып,

Өзің ғана тыңдаптың.

Өмір деген қызық екен,

Өскен сайын ұғындым.

Қайта келмес балалыққа,

Қайта барсам ардақтым.

Қуансам да, мұңайсам да,

Жыласам да жұбаттың,

Өзіңді ойлап әр түн сайын,

Көзімнен жасты құлаттым.

Өмір заңы орындалсын,

Оған жоқ еш ренішім,

Бір сәт көріп құшақтасам,

Әлі есімде иісің.

Жалғыз қызың мен боламын,

Еркелеткен, қуантқан,

Қолға алған әрбір ісімді,

Үйретіп, өзің  қолдадың.

Жеткізсем деп ем барлығын

Ішімдегі ренішті,

Тыңдауға уақыт болса да,

Қысқа екен өмір тым.

Әжем ұрысса, ойланбaй,

Жүгірдім сенің қасыңа.

«Жаман сөзін ысырып,

Жақсы сөзін қабылда» —

Осы жұбатқан екі сөзің,

Сіңіп қалды басыма.

Есімде әлі, қой қайырған,

Таудағы күнім байырғы.

Отырушы ең көз салып,

Қасыңда атың жайылды.

Мұнша қатты өзіңе,

Бала жақыны мен едім.

Айтшы ата мұңыңды,

О не нәрсе?

Қанатыңды қайырды?

Жүректе кеткен үнсіздік.

Алды ақыры жаныңды,

Сабырлы қалпың ерекше,

Өзгертті сенің қаныңды.

Бір жыл өтті ғасырдай,

Жанымда жоқсың сырласым.

Отырдың әр кез досымдай,

Жақыным менің мұңдасым.

Шыдамды едің бәріне,

Кез болса да қиындық.

Көмектеспеді дәрі де.

Жарылды іштегі бір сұмдық.

Бақытты бала кезіме,

Көп болды қосқан үлесің,

Жаның тірі кезіңде,

Ақыл айтқан әр кезің.

Көрсетпедің өмір тарлығын.

Көркем сөздің барлығын.

Құлашыма жиып ап.

Мендегі тәрбие жарлығын,

Бойыма жиып үйреткен,

Рахмет айтам өзіңе!

Немерең: ҮСЕНОВА  Меруерт  Ғаниқызы,

Абай атындағы Қазақ Ұлттық   Университетінің І – курс студенті

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *