«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тарих

Есімдері ұмытылмақ емес

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Үлкендер айтпақшы, жылдар жылжып, қарттар қатары сиреп барады. Солардың оғыс және еңбек ардагерлері де бар. Бүгінде еліміз бойынша санаулы ғана майдангерлер қалған. Оларға құрметіміз шексіз!

Бізге бүгінгі бейбіт күн сыйлаған, келешегі соғыссыз, қарусыз өмір сүрсін деп қан майданда жанын пида еткен жауынгер аталарымыздың алдында бас иеміз. Олардың есімі ұрпақтарының жадында мәңгілік жаңғырады.

Ұлы Отан соғысы – тарихтағы ең ауыр кезеңдердің бірі. Бұл соғыс 1941 жылы басталып, 1945 жылы аяқталды. Осы төрт жыл ішінде миллиондаған адам өз өмірін құрбан етті. Соғыс тек майданда ғана емес, әрбір отбасының жүрегінде өтті деуге болады. Соғыс басталған кезде Қазақстаннан да көптеген ер-азаматтар майданға аттанды. Олар өз елін, жерін, отбасын қорғау үшін жанын аямады. Сол кезде жастар да, үлкендер де бір мақсатпен бірікті – Жеңіске жету. Майданда жүрген сарбаздар аштықты, суықты, қорқынышты көрсе де, берілмеді. Олар болашақ ұрпақ бейбіт өмір сүрсін деп күресті.

Ал тылда қалған адамдардың еңбегі де ерекше болды. Әйелдер, қарттар, тіпті балалар да жұмыс істеді. Олар егістікке шығып, зауыттарда еңбек етті, майданға азық-түлік пен киім жіберді. Әр адам өз шамасына қарай Жеңіске үлес қосты.

Соғыс ардагерлері – біздің мақтанышымыз. Олар біз үшін қиын жолдан өтті. Бүгінгі таңда олардың саны азайып бара жатыр, бірақ олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Әр ардагердің өмірі – үлкен тарих. Олардың кеудесіндегі ордендер мен медальдар жай ғана белгі емес, ол – батырлықтың, төзімділіктің белгісі.

Біз соғыс ардагерлерін құрметтеуіміз керек. Оларға көмектесу, хал-жағдайын сұрау – біздің міндетіміз. Өйткені олар бізге ең қымбат нәрсені сыйлады – бейбіт өмірді. Қазір біз соғысты көрмесек те, оның салдарын тарихтан білеміз. Сондықтан бейбітшіліктің қадірін түсіну өте маңызды.

Ұлы Отан соғысы бізге бір нәрсені үйретті: бірлік пен батылдық болса, кез келген қиындықты жеңуге болады. Сол себепті біз өткенді ұмытпай, ардагерлердің ерлігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Олар – біздің тарихымыздың тірі куәгерлері.

Қорытындылай келе, соғыс – қайғы мен қасірет әкелетін кезең. Бірақ сол қиын уақытта халқымыздың күш-жігері мен бірлігі көрінді. Біз сол батырлардың арқасында бүгін тыныш өмір сүріп отырмыз. Ендеше, олардың ерлігін ұмытпай, әрдайым құрметтеп жүрейік.

ДОСАЛИЕВА  Несібелі,

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

«№223 орта мектебінің» 11сынып оқушысы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Сапура Мәтенқызы: аңыз бен ақиқат тоғысқан тарихи тұлға

Өткен мен бүгінді жалғаған құнды жәдігер

Ұлт ұстазының жүрегін жаулаған жан