Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі таңда технологияның дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, кітаптың орны ешқашан төмендемейді. Кітап – адамға білім беретін, ой-өрісін кеңейтетін, өмірге деген көзқарасын қалыптастыратын асыл қазына. Әрбір оқылған шығарма жаңа ойға жетелеп, адамның рухани дамуына ықпал етеді.
Өкінішке қарай, бүгінгі жастардың арасында кітап оқуға қызығушылық азайып бара жатқаны байқалады. Бос уақыттың көбі әлеуметтік желілерде өтеді. Қысқа бейнелер мен жылдам ақпаратқа үйренген адам ұзақ мәтінді оқуға ерінеді. Соның салдарынан сөздік қорының азаюы, ойын анық жеткізе алмау сияқты мәселелер туындайды.
Ал кітап оқитын адамның ойлау қабілеті жоғары болады. Ол өз пікірін еркін жеткізе алады, қиялы дамиды, сауатты жазады. Кітап адамды сабырлы болуға, өмірді тереңірек түсінуге үйретеді. Әсіресе көркем әдебиет адамның жан дүниесін байытып, мейірімділікке тәрбиелейді.
Кітап оқу – тек білім алу емес, өзіңді дамытуға салынған инвестиция. Сондықтан әр адам күніне кем дегенде 20–30 минут кітап оқуды әдетке айналдырса, оның пайдасын міндетті түрде көреді. Өйткені кітап – адамды биік белестерге жетелейтін ең сенімді жолсерік.
Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Сарытоғай ауылы,
«Дүйсенғали Төленов атындағы»
жалпы орта білім беретін мектеп түлегі.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі

