«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Өлмейді бірақ өлеңім!

Өмір болған соң бәрі болады,

Себебі жалған ғұмыр бұл!

Белгісіз маған Тәңір қалауы,

Болашағым жарқын нұр.

Көздерім нұрды іздеді қанша?

Арманға қол созып келемін.

Жалған өмірдің тізбегі болса,

Моншағы болам мен оның.

Ескегін келем есіп кеменің,

Торлап тұрса да қанша мұң.

Келте ғұмырды кешіп келемін,

Үзілмесін деп үмітім.

Басымды ешқашан имеймін,

Қор боп өмірге кетпеймін.

Сынақ келді деп сынып қалмаймын,

Ағысқа қарсы беттеймін!

Өте алмай өмір сынынан көбі,

Киеді өлімнің кебінін,

Алып шығатын мұңдардан мені,

Өлеңім менің серігім!

Өнерден келем керегін алып,

Қалауымша  мәңгі еремін.

Өмірде бәрі қалары анық,

Өлмейді бірақ өлеңім!

МАРАТОВА Сабина,

Абай Ұлттық мектебінің  11- сынып оқушысы,

Республикалық «Farabi shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының Жас тілшісі.

Жетекшісі:  Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Экология – біздің планетамыздың тазалығы

farabi shakirti shakirti

Қостанайлық полицейлер қаза тапқан әріптестерінің ұлына экскурсия өткізді