«Ұлт саулығы — ұлы міндет»
Спорт-қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі, адамның дене қабілетін дамыту және денсаулығын нығайтуға бағытталған сала. Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше мол. Денесін шынықтырған адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. «Тәні саудың — жаны сау», «Бірінші байлық — денсаулық» деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған. Осы нақыл сөздің салмағын сезінбейтіндер де, мойындамайтындар да аз емес. Салауатты өмір салтын ұстану – тазалық сақтаудың белгісі. Ғалымдардың
айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа арнасаң, ауруға шалдығу қаупі 30 пайызға азаяды. Қазіргі уақытта әр күнін тиімді пайдаланып, спортпен айналысатындар үшін арнайы алаңдарда барлық жағдай жасалған. Тек табандылық пен төзімділік болғаны жеткілікті.
Дәл осы мақсатта, біздің кітапханамызда спортты насихаттауға арналған, Есет-батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің, Грек-рим күресінен біліктілігі жоғары деңгейдегі, жоғары санаттағы оқытушы-бапкерлер Утепбергенов Нуртас Алтаевич пен Итемгенов Руслан Темірбекұлымен кездесу кеші өткізілді. Сонымен қатар кешімізге үздік шәкірттер: Грек-рим күресінен 2 дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы, 2 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы – Диас Маратов, Грек-рим күресінен ҚР чемпионатының жеңімпазы, Иордания. Амман қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері — Аянбек Ибраиев, Грек-рим күресінен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, бірнеше дүркін халықаралық жарыстардың жеңімпазы — Жарас Советов, Грек-рим күресінен ҚР СШ, ҚР чемпионатының жеңімпазы, Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласында өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Халықаралық жарыстардың жеңімпазы — Қазбек Қалмағамбетов, Грек-рим күресінен ҚР СШ, ҚР чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Италия.
Рим қаласында өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Жастар Олимпиада ойындарының жеңімпазы Ж.Үшкемпіровті еске алуға арналған халықаралық турнирдің күміс жүлдегері — Арсен Жұма. Грек-рим күресінен ҚР СШ, бірнеше дүркін ҚР чемпионатының жеңімпазы, Халықаралық турнирлердің жеңімпазы — Рахат Бержанов. Францияда өткен Бүкіләлемдік гимназиадасының жеңімпазы, білім грантының иегері — Ақжан Ықыласов. Мектеп-интернат колледжінің тұңғыш Азия чемпионатының жеңімпазы, жастар арасындағы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері — Дамир Ибрашов. Грек-рим күресінен ҚР чемпионатының қола жүлдегері — Азамат Кадиржанов келді.
Кешіміз ҚР Әнұранымен басталды. Қонақтарымыз өздері жайында таныстырып, спорт жолын қалай бастағандарын айтып, алғашқы жетістіктері мен қызықты сәттерімен бөлісті. Бірнеше қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, ашық сұхбат жүргізілді. Бапкерлер, денсаулықты нығайтуға арналған өзіндік кеңестері мен лайфхактарымен бөлісті. Кеш барысында «Жауап-бер» сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, сергіту сәті өткізілді. Кітапхана қызметкері Әкімжан Бейбітшілікұлы келген қонақтарымызға әсем әнін тарту етті.
Сонымен қатар кездесу кешіне көрермен болып No33, 34, 38 қазақ орта мектебінің оқушылары, оқырмандар, кітапханашылар қатысты. Спорт майталмандары өздерінің дене шынықтыру барысында айналысатын
жаттығуларын көрсетіп кешіміз көңілді де әсерлі өтті.
Тақырыпқа сай «Спорт- денсаулық кепілі» кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Және де мектеп-интернат колледжі директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Нұрмағамбетова Сандуғаш Мұратқызы алғыс сөзін айтты. Кеш соңында кітапхана директоры Қалдина Гүлжайнар Нәренқызы
қонақтарға ризашылығы мен алғысын білдіріп, келген қонақтарға алғыс хат берілді.
Спорт пен денсаулық арасы ешқашан ажырамас көпір. Шынықсаң- шымыр боласың дей келе, бұл кездесудің мақсаты азаматтар мен азаматшаларға дене шынықтыру жүйесі — күш-қуаттың мықтылығына, жан
мен тәннің саулығына, отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі, елімізді қорғауға әзір болуға келешек жас ұрпаққа дене шынықтыру, спортпен шұғылдану керектігін насихаттау мен жеткізу болды. «Шынығайық — шымыр болайық, денсаулығымызға үлес қосайық».
Малика Акдавлетова,
Сағи Жиенбаев атындағы
облыстық жасөспірімдер
кітапханасының қызметкері.