Абай дара, Абай дана қазақта,

Оқымаған Ұлы Абайды қазақ па?

Қазақ елін асқақтатқан әлемге,

Абай теңдес, ақын болмас әр елде.

Жүрекке жылы тиер ән-жырларың,

Жырларыңды арнау ғып мен жырладым.

Қырық бес қара сөзің үлгі маған,

Әр сөзіңнен өзіме үлгі аламын.

Абай жыршы, ұлы ақыны елімнің,

Жырлап өткен сұлулығын жерімнің.

Абай атам қазағымның батылы,

Дара, дана, сыншыл қазақ ақыны.

***

Ілияс ақын

Хат таныған қаршадайын жас балаң,

Ұлы ақын зерек өскен басқадан.

Білім алып Ташкент пенен Мәскеуде,

Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған.

Дүние жүзі классиктері еңбегін,

Терең оқып зерттеген, талдаған.

Одан алған тәжерибеге толғана

Өзі жазған естелікке жалғаған.

Ол халықтың қайнап шыққан ішінен,

Бұрқыраған ақпа-төкпе ақыны

Тегін емес қарапайым адамның

Жан дүниесін жарқырата ашуы.

Сүйіп өткен өзі өскен ортасын,

Қазағының тұрмысы мен болмысын.

Мақтан тұтып жырға қосқан қашанда,

Табиғатын, өзен-көлін аң құсын.

Лирикалық өлеңдерді ол жазған,

Оқығанан үлкен әсер аласыз.

Мөлдір суға шомылғандай боласыз,

Кейде асқар тау үстінде тұрасыз.

Халқымыздың бүкіл тұрмыс тірлігін,

Толғай білген ұлтжанды ұлы ақын.

Ілияс ақын, тұлпар ақын дүлділім,

Жазушым да сатирик те бір өзің!

Ұлтымыздың дара туған ұлысың,

Қиын қыстау тар заманда туылған.

Заңғар ақын асқақтасын мәртебең,

Поэзия-әлемінің шыңысың!

***

Қос тірегім

Әкешім, өмірімнің бөлшегісің,

Сөзі өткір тең келмейтін өлшемімсің.

Тәрбиеңе еш ұстаздың күші жетпес.

Батылдықты үйреткен сал-серімсің.

Анашым, тәрбиеңе бас иемін.

Жүрегі кең ақкөңіл қасиетің.

Мақтанамын кеңпейіл көңіліңнен.

Сіздер менің қуатым қос тірегім.

Әке, Ана мәңгі жүрші жанымызда,

Атылуда балам деп таңыңызда.

Жылығанда жаныма демеу болған,

Бақыт шығар Аллам берген бағымызға.

Алмабай Зейнеш,

Түркістан облысы Бәйдібек ауданы М.Ауезов мектебінің 11-сынып оқушысы

Жетекшісі: Қойшыбаева Гүлзира

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *