Сурет: https://egemen.kz/
Мұхтар Шаханов атамыздың ерлігі жайлы айтпас бұрын жалпы бұл ұлы тұлғаға қысқаша тоқтала кетейік.
Поэзиясы мен балладалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды. https://kk.wikipedia.org/wiki
Мұхтар Шаханов (2 шілде, 1942- 19 сәуір 2026 жж.) — қазақ ақыны, жазушы және қоғам қайраткері. 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. Әкесі молда қызметін атқарған, Мұхтар 9 жаста болған кезде әкесі көз жұмды. Мұхтар атамыздың айтуынша, жас кезіннен өлең жазуға деген қызығушылығы оянған. 16 жасында жазған алғашқы өлеңі газетке жарияланды. Осылайша, Мұхтар атамыздың ақындық жолы бастау алады. Жарық көрген өлеңдері: «Сын сағатта», «Махаббат ел», «Кешікпей келем деп ең» және тағы басқа. Мұхтар Шаханов тек әдебиеттің дамуына үлес қосып қана қоймай, қазақ халқының бостандығы мен қазақ тілі үшін күрескен жан.
Баршамыз білетіндей, 1986 жылы ірі оқиға «Желтоқсан оқиғасы» орын алды. Қазақ тілі, халқының бостандығы үшін күрескен жастарға «ұлтшыл» деген айып тағылып, көбі қатаң жазаланды. Бұны көрген Мұхтар атамыз әділетсіздікке шыдамай, М.Горбачевтің алдында Арал мәселесі сөз қозғаймын деп шықты. Бірақ Арал жайлы бірде-бір сөз айтпай, Желтоқсан шындығын жайып салды. «5000, 10.000; тіпті 100.000 адамды «ұлтшыл» деп айыптауға болады, бірақ тұтастай қазақ халқын «ұлтшыл деп айыптау орынсыз», — деп Мәскеудегі Кремльде сөйлеген сөзінде.
1987 жылы М.Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал мәселелері бойынша комитет құрылды. 1926 жылы біздің ұлттық Наурыз мейрамымызда діни сипаты бар деп танылып, тойлауға тыйым салынды. М.Шаханов 1988 жылы орталыққа Наурыз мейрамын ресми түрде қайта жаңғырту туралы ұсыныс хат жазады.
Осылайша, 62 жылдан кейін 1988 жылы Наурыз мейрамын тойлауға қол жеткіздік.
Мұхтар Шаханов — қазақ халқы үшін күрескен нағыз жігер, батыл қайраткер еді. Әрқашан өз ұстанымына, халқына адал болған жан. Ол ұлттық рұхтың символы, бұндай тұлға ғасырды бір туады. Мұхтар Шаханов атамыздың қазақ тарихында алар орны ерекше.
САДЫРБЕКОВА Райхан,
Ақмола облысы, Көкшетау қаласының
№21 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы
*Мақалаға мәліметтер ашық дереккөздерінен алынды.
