Нұрали жемқорлыққа қарсы ойын шығарды

Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі. Ол «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа құралдар» бағыты бойынша үздік жоба үшін 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жобаның басты идеясы — білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын, күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру.

Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.

Ойынның соңғы миссиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама саласындағы білімдерін кеңейту. Ойынның соңында көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, Нурали өз жұмысын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалардың І республикалық байқауына ұсынған.

                         Абай облысы әкімінің ресми сайты