Арыстық Медеу Әділет «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыс қаласында 7- сынып оқитын жас ғалым Медеу Әділет «Автоматтандырылған автотұрақ» ойлап тауып, өз өнертабысын патенттуге құжат тапсырды. Қалаға қарасты Байырқұм ауылындағы М.Шаханов мектебінің оқушысы сабақтан тыс уақытында робототехникамен айналысқанды ұнатады. Мектеп ішіндегі робототехника үйірмесінің жетекшісі Оразбек Смаилдан робот жасаудың негізін үйреніп, үнемі білімін жетілдіріп келеді.

Көп ізденістің нәтижесінде жас өнертапқыш биылғы жылы толықтай адамның қатысуынсыз өздігінен автотұрақ қызметін реттейтін ғимарат жобасын ойлап тапқан.

Автотұрақтардың жеткіліксіздігі қазіргі заманда ірі қалалардың ең өзекті мәселелерінің бірі екені белгілі. Сондықтан оның ойлап тапқан жобасы көптеген байқауларда топ жарған. Ал биыл наурыз айында Шучье қаласында өткен республикалық байқауда жүлделі ІІ орынды жеңіп алған.

Қазіргі таңда Әділет өзінің «Автоматтандырылған автотұрақ» жобасына авторлық құқықты алу мақсатында «Қазпатент» ұлттық зияткерлік меншік институтына құжаттарын өткізіп, зияткерлік меншік куәлігін алуды жоспарлап отыр.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *