Экология, валеология секциясы бойынша ғылыми — жоба

                                       Аннотация   

       Ғылыми жобаға байланысты шығармашылық ізденіс барысында, өзіміз күнделікті жақсы білетін сүт туралы толық білдік. Одан алынатын өнімдермен таныстық. Мақсатымыз, балаларға газды сусындар мен фасфуд тағамдарының орнына табиғи сүт өнімдерін көп пайдаланудың маңызын айтқымыз келді. Сүттен алынған өнімдерді күнделікті тағам ретінде пайдалансақта, олардың жасалу жолдарын толық білмейтініміз рас. Сол себепті, Қарасай ауылына арнайы барып, май шайқау, сүзбе сүзу мен кілегей тартуды көріп, құрт жасап үйрендік.

Республикамыз —  қойнауы қазба байлыққа толы болса, төскейінде мал жайылып, қырында гүлдері жайқалып, төсінде бау – бақшасы  жайнаған кең байтақ өлке.  Қай саланы алсақта, еліміздің экономикасын дамытудың қайнар көзі. Экономикасы дамыған елдің әл – ауқаты да жақсы болады. Әр отбасының табысы көбейеді. Табыс — балалардың емін – еркін білім алып, арман – мақсаттарының орындалуына жетелейтін баспалдақтар десек, қателеспеспіз.

Ел экономикасының белді саласы – мал және ауыл шаруашылығы. Екі саланың да адам өмірі мен денсаулығына әкелер пайдасы орасан. Соның ішінде, мал шаруашылығына тоқталар болсақ, мұндағы басты өнім – төрт түліктен алынатын сүт және сүт өнімдері.

Үйге келіп, сүт өнімдерін қоса отырып, шербет пен тәтті (чупа чупс) дайындық. Дайындаған өнім сыныптастарымыздың көңілінен шықты.  Аталған тәттілерді ең алғаш жасап үйренуге болатынын әжелерімізден үйрендік. Енді өзіміз де асықпай тәттілерді пісіре аламыз. Тек ерінбей, шыдамдылық танытсақ болғаны.

     Бүгінде генетикалық түрлендірілген өнімдер өте көп. Сырты қораптарын, қаптамаларын көргенде, сатып алып жегің келеді. Сатып алып жеп те жүрміз. Қуырылған, қақталған дәмдеуіш қосылған құрғақ тағамдардың зиян екенін үлкендер үйде, мұғалімдеріміз мектепте жиі айтады. Оның орнына сүттен жасалған ұлттық тағамдарды жегеніміз пайдалы дейді.

Сөзіміздің соңында, адам ағзаларының мықты, денсаулығы күшті болуы үшін адам баласы ас – тамаққа пайдаланылатын қажетті барлық дәрумендерді дұрыс таңдап пайдалана білсек, ұлт саулығын сақтап қалуға  алға адымдаған бір тамшы үлесіміз деп білеміз.

 I.Кіріспе

       Ұлт  ұрпағының  саулығы – сүт өнімдерін  пайдалануда

     Сүт тағамдарын халқымыз ежелден бері пайдаланып келе жатыр. Құндылығы жоғары, пайдасы көп төрт түліктен алынатын өнімді дайындау тәсілі ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан экологиялық таза, құрамында қоспа жоқ табиғи сүт өнімдерінің түрлері ауылда болады.

    Тақырыпты ашу мақсатында ауылда сүт өнімдерінің дайындалу жолдарымен таныстық.

     Біздің  ғылыми  жобамыз, қазақтың ұлттық тағамдарынің ішіндегі балалар үшін ең пайдалы өнімдер – сүтке тоқталдық. Адам ағзасына аса қажет сүт өнімдері кез келген дүкен сөрелерінде бар, әркім өзіне ұнайтынын алады. Кең байтақ даламыздың төсі төрт түлігімен сәнді. Көк шалғында дүркіреген жылқы, маңғаз басқан түйелер мен отар – отар қой жайылып жүргенін теледидардан, кинодан көреміз. Малды күтіп – баптап жыл он екі ай соңында жүретін адамдарды – шопан деп атайды. Мал шаруашылығында кеңсе қызметкерлерінен басқа агроном, мал дәрігері, механизатор, сауыншы, бақташы, басқа да мамандық иелері еңбек етеді.

Десекте, төрт түлік малдан алынатын сүт өнімдерінің дайын дастарханға келгенге дейін қандай процестерден өтеді? Соны өз көзімізбен көріп, мүмкін болған жағдайда өзіміз қолымызбен жасап көруді мақсат еттік. Соған орай, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасай ауданына арнайы бардық.

Ауылда қолдан жасалынған сүт өнімдерінің дәмі қандай! Қаймақ, кілегей, сүзбе, қатық, айран, май, құрт, ірімшік үй жағдайында қалай тартылады? Сары майды қалай шайқайды? Ірімшік, қатық, айран мен сүзбе қалай дайындалады? Құрт ше? Бұдан басқа біз білмейтін сүт өнімдері бар ма? Бар болса, олар қалай аталады және қай мезгілде пайдалануға болады? Экологиялық таза сүт өнімдері ірі зауыттарда еліміз қалалары мен мал ұстамайтын адамдар үшін дайындалып, азық – түлік дүкендерінің сөрелеріна қойылады. Оларды күнделікті ата – анамыз сатып алып, дастарханға қояды. Сүт өнімдері тонналап зауыттарда қалай дайындалады? Үйде дайындалған мен зауыттарда дайындалатын сүт өнімдерінің айырмашылығы неде?

Міне, осы сұрақтарға ата – анамыз, ұстазымызбен бірлесіп жауап іздедік.

 II Негізгі бөлім

2.1 Сүттің пайда болуы және ғалымдар тұжырымы

«Адам баласы үшін ең жақсы, ең маңызды тағам – сүт».

Авицена                           Ғылыми жобаның мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының бірі – сүт өнімдері, оның пайдасын айта отырып, достарымызды генетикалық түрлендіріліген өнімдерді пайдалануды азайтуға шақыру. Сүт өнімін қоса отырып қадірлі қонақтарға ұсынатын щербетті жасап, сыныптастардан бағасын алу.

Ғылыми жобаның міндеті: Ұстазымыздарымыз Саржанова Назигуль Даулетханқызы  мен  Есимбаева Сандуғаш Хамитовнамен бірге сүт тағамдары туралы мәлімет жинау.

Күтілетін нәтиже:

Денсаулық үшін балалардың табиғи сүт өнімдерін көп пайдалануына мұрындық болу. Қала дүкендерінде сатылатын айран, құрт, йогурттардың түрлерін сатып алып, пайдалану. Реті келсе, аналарымызбен сүт өнімдерінің кейбір түрлерін бірге жасап, дастарханға қою. Жеке шығармашылық қабілетімізді арттыру. Үйдің сүт өнімдерін алып, тәжірибеде көрсетілгендей етіп, үйімізге келіп аналарымызбен дайындау. Одан кейін сыныпқа келіп, достарымызбен дайындап үйрену.

Қолдан сүт өнімдерін жасау жолдарымен танысу мақсатында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасай ауылына арнайы бардық.

Сүт өнімдері төрт түлік: ірі қара – сиыр, қой – ешкі, жылқы және түйеден алынады. Қазақта әр малдың пірі бар дейді.

Жылқы атасы – Қамбар ата,

Түйе атасы – Ойсыл қара,

Сиыр атасы – Зеңгі баба,

Қой атасы – Шопан ата,

Ешкі иесі – Сексек ата деп атайды.

Ғылыми деректерде сүт – адамзат дастарқанында осыдан 5000 жыл бұрын пайда болған тағам екені айтылады. Үлкендердің айтуынша, сүт адамзат пайда болған сәттен бастап негізгі тағамдардың бірі ретінде пайдаланып келе жатыр дейді. Яғни, адам баласы өмір сүре бастағанда, мал және ауыл шаруашылығымен айналыса бастаған. Заман ілгерілеген сайын адам баласының саны да көбейді, соған орай бүкіл адамзатты сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында ірі мал шаруашылықтары дамыды. Соған орай, оларға жем – шөп, түрлі биологиялық қоспалармен қоректендіру қажеттілігі туындады.

Мұндай мал және ауыл шаруашылығы кешендері әлем бойынша дамыды. Онда көптеген қызметкерлер мен мамандар, жұмысшылар мен техниканың саналуан түрлері ғылымның жетістігіне сүйене отырып дамыды. Мал тұқымын асылдандыру үшін ғалымдар ғылыми зерттеулер жүргізіп, қаншама еңбектер жазылуда. [1]

Осындай іргелі жұмыстар Қазақстан Республикасында да дамытылуда. Сүт және сүт өнімдерін өндіретін зауыттар қатары көбеюде. Олар өнімдерді жеке олар сүтті жеке секторлардан жинайды. Яғни, ауылдық жерлерде мал бағумен айналысатын адамдар үйлерінде түйе, жылқы малы, ірі қара – сиыр, қой және ешкі бағатын адамдардан жинап алып, зауыттарға әкеліп, тонналап сүт және сүт өнімдерін шығарады.

Ғылымның нақты айғағына сүйенсек,  сүтте тірі организмдердің өсуі мен дамуы үшін өте-мөте қажетті заттардың екі жүзге жуық түрі бар. Олар: ақуыздар, май, минерал тұзы, түрлі дәрумендер, сүт қанты, ферменттер т.б. Аталғандардың барлығы адам ағзасына жұғымды, әрі тез сіңетіні анық.

Атақты ғалым  Әбу – Әли ибн Синаның (Еуропада Авиценна) «Дәрігерлік ғылым қағидасында» сүттің емдік қасиеті туралы айтылған. Ол сүт пен сүт өнімдерінің адамдардың барлық жасына қарамастан бәріне бірдей пайдалы екенін әсіресе жасы ұлғайған қарт адамдар үшін ең жеңіл ас деп көрсеткен.

Танымал ғалымдардың бірі – С.П. Боткин өзінің  сүт өнімдеріне байланысты жүргізген тәжірибелерінде  «сүт – жүрек пен бүйректі емдеуде аса бағалы тағам» деген тұжырым жасаған. Ғалым ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан айықтыратынын дәлелдеген. Сонымен қатар, ешкі сүті өкпе ауруына шалдыққандарға да таптырмас ем. Сүтте сілті реакциясы болатындықтан, оны асқазан қышқылы жоғары адамдардың ішкені жөн деген. Сүттің аллергияға қарсы қасиеті бар екенін көпшілік білсе де, әсіресе жанстар оны көп пайдаланғысы келмейді. Теміреткі, демікпе және безгегі бар адамдардың сүтті жиі пайдаланғаны абзал.

Нобель сыйлығының лауреаты, атақты микробиолог И.И. Мечников ХХ – ғасырдың басында, айран ішкен адамдардың ішектегі шіріткіш микробтарды ұйыған сүт бактериялары ығысытырып шығаратынын анықтаған. Сүт қышқылы асқазақ сөлінің бөлінуіне көмектеседі.

Гранад университеті мен Мадридтегі Комплутенсе университетінің ғалымдары дертке шалдықпас үшін сүт өнімдерін жеп-ішу керек екенін айтады, деп хабарлайды РИА Новости.

Мамандар сүттің мұндай қасиетіне қатысты 14 жұмысты сараптаған. Нәтижесінде йогурт сынды майлы емес сүт өнімдерін қолдану екінші типтегі диабеттің, колоректальді рак, қуықтың қатерлі ісігі мен метаболикалық синдромның даму қаупін азайтатыны анықталды.

Японияның Ұлттық институты /Токио/ жасаған зерттеулерінің қорытындысы бойынша асқазанның ракпен ауруының болдырмауының алғашқы профилактикасы сүт тағамдарын қолдану болып табылады. Сүтті жөтелгенде, суық тигенде ішеді. Адам организмі уланған жағдайда да сүтті қолданады.

Ауырған кезді тосып отырмай күнделікті сүтті ішіп отырған денсаулыққа пайдалы.

Сондай-ақ, сүттің омыртқаны қатайтатыны белгілі болды. Алайда ағзасы лактозаны қабылдамайтын адамдар да бар. Бірақ олар казеинді қабылдай алады.

Мұндай адамдарға ірімшік, йогурт, айран сынды сүт өнімдерін пайдалануға кеңес беріледі.[2]

                  2.2 Сүттің құрамындағы дәрумендер және адам ағзасына 

                                              пайдасы

А — адам ағзасының дамуына әсер етіп, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін және көз қырағылығын арттырады.

Д — сүйек ұлпасының мықты болуына әсер етеді. Жас балаларды мешел ауруларынан сақтайды.

В1 — адам ағзасына күш-қуат береді, жүйке-жүйесінің дұрыс қалыптасуын және ас қорыту процесін жақсартады.

В2 — ағзаның бірқалыпты өсуіне қажет дәрумен, көздің жақсы көру  қабілетін сақтайды.

В6 — баланың бойы өсуіне әсер етеді, қан мөлшерін реттейді.

В12 — қанның пайда болу процесіне қатысады, анемия ауруына қарсы тұратын қасиетті қалыптастырады.

Е — адам бұлшық еттерінің  және жыныс бездерінің қызметін жақсартады.

РР — қан ағымын және бауыр жұмысын жақсартады.

     Сүт өнімдерінде кальций бар, сүйекті, тісті нығайтады, бұлшық еттің қызметін жақсартады, қанның түзілуі үшін қажет, тәннің жұқпалы ауруларға күресін күшейтеді. Сонымен қатар сүт адам ағзасын артық салмақ қосудан сақтайды. Сүттің құрамындағы кальций ағзадағы майдың желінуіне әсер етіп және оның жиналуына кері әсер етеді екен. Ал американдық ғалымдар майлылығы аз сүт жүрек ауруларына, әсіресе қан қысымының көтерілуі мен инсультке шалдығуды 50 % кемітеді дейді Сиырдың сүті несеп ауруларына пайдалы, ойды ұшқырлайды, уланғанда көмектеседі.

Уыз — жаңа туған сәби мен жас төлдің ауруға шалдықтырмайтын ерекше құрамдар көп бөлшекте болады. Мысалы: белок жай сүтте қарағанда 4 — 8 есе артық, дәрумендер Д, Е, В — 2, РР, В — 12 және темір 3 — 6 есе артық, сонымен қоса минералды элементтер де жоғары болады.

Ірімшік құрамында цинк бар. Сүйек және шеміршектің қалыптасуына көмектеседі. А дәрумені, ірімшікте өте көп кездеседі. А дәрумені — көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет.
Майлы сүзбеде фосфор бар. Жүйке жүйесі, мидың қалыпты жұмыс істеуіне қажет, зат алмасу үрдісіне белсене қатысады. Ойлау, еске сақтау қабілетін арттырады.
Айранның құрамындағы қышқыл асқазан ауруына пайдалы.
Сары май ішкі ағзаны жұмсартады, әл — қуатты арттырады, дененің қызуын қайтарады. Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге А, Д, Е дәрумендерін де алады.[3]

Дәрумендер адам ағзасына не үшін қажет?    Е дәрумені – бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар, сүттің құрамында болады. Тортасын айырған майды құрғақ жөтел кезінде 1 қасық күніне 3 рет ішсе жөтелді тез басады. Себебі тамақты жібітеді.
Құртты өкпе, асқазан, сүйек ауруларына ем және суық тиіп ауырғанда сорпаға қосып ішкен дұрыс.

Дәрігерлер қазіргі кезде балаларға құртты үнемі жеуді ұсынады.
Сары су қант диабетімен ауырғанда қанттың төмендеуіне әсер етеді. Артық салмақтан арылуға, қан тамырларының кеңеюіне әсер етеді.

    Сүт — барлық жастағы адамдар үшін жұғымдылығы жоғары оңай сіңетін өнім. 100 грамм сүтте 3 граммға жуық ақуыз, 3,2 грамм эмульгацияланған оңай сіңетін май, көптеген мөлшерде оңай сіңірілген кальций мен фосфор қосындылары, сондай-ақ белгілі мөлшерде А1, В2, Д витаминдері бар және де жазғы уақытта сиыр сүтіндегі бұл витаминдер қыстағыдан едəуір көп болады. 100 грамм сүт организмге 60-қа жуық килокалория береді. Сүт ақуызы негізінен, казеиннен (2,7 %), лактальбуминнен (0,4 %) және лактоглобулиннен (0,1%) тұрады. Сүт ақуызының 75-96 пайызы организмге сіңімді келеді. Құрамындағы лактоза не сүт қанты тез ашиды. Бұл қасиетті сүт ашытуда пайдаланылады. Минерал заттары органикалық және бейорганикалық қышқыл тұздары түрінде кездеседі. Сондай-ақ, 60-тан астам фермент, әртүрлі гормон (окситоцин, пролактин, фолликулин, адреналин, инсулин т.б.), иммундық заттар (антитоксин, глотинин, онсонин т,б,), газдар (СО2 , О2, Н2, NH3), микроорганизмдер болады.[1]                       

  2.3 Сүттен жасалатын тағам  түрлері

«Ұлт  ұрпағының  саулығы – сүт өнімдерін  пайдалануда» атты тақырыптағаны ғылыми жобамыздың түйінін қойық. зерттеу барысында, сиыр малынан алынатын сүт өнімдерінің дайындалу жолын өз көзімізбен көріп, қолымызбен жасап көрдік, дәмін таттық. Халқымыз сүттің пайдасын ежелден айтып кеткен. Сүттің пайдасы туралы ғалымдар ғылыми дәйектермен дәлелдеген. Сүт құрамындағы дәрумендердің адам ағзасына қаншалықты пайдасы барын да білдік. Адамның тұла бойына сүттің дарымайтын дәрумені жоқ десе болады. Балалар үшін сүт пен сүт өнімдерін ерте бастан пайдалу қажет екенін баса айтқымыз келеді.

Сүт – тек сиыр малынан ғана алынбайды екен. Бие сүті – қымыз, түйе сүті –шұбат, ешкі мен қой сүтінің қай қайсысының емдік қасиеті – адамға өте пайдалы. Адам өмірі үшін құнды сүт өнімдерін көптеп өндіріп, халыққа жеткізу үшін мал және ауыл шаруашылығын дамыту қажет екен.

Үйде өсірілетін төрт түліктен алынатын сүт өнімдері үнемі қолжетімді бола бермейтіндіктен, сүт фабрикаларынан шығатын сүт пен сүт өнімдерін үнемі пайдаланған жөн. Айталық, йогурттардың түрлері, жеңіл сүт өнімдерін атауға болады.

Айран көже. Бидай, тары, арпа, күріш жармаларынан жасалған көжеге айран косып ашытылады немесе сүт қосып ұйытылады.

    Қойыртпақ. Қатыкқа, айранға, қымызға, ішетін іркітке сүт немесе су қосып, торсыққа құйып, қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран.

Айран-шалап. Айранға суық су қосып сапырып, шөлдегенде ішетін сусын. Айран-шалап деп кейде жалпы ақты да атаған.

    Боза. Ашыған сүт, айраннан әзірлеген сусын (ішімдік). Боза тары, бидай жармаларынан да ашытылады.

    Іркіт. Кұрт қайнату, кейде майын алып, ірітіп сусынға ішу үшін сабаға, күбіге жинап ашыт-қан айран-қатык, шикі сүт. Іркіттің басын піскен сүттен ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Содан кейін оны пісіп, майын алады, қалған іркітіне құрт қайнатады, кейде іркітті пісіп, сапырып сусын орнына да ішеді.

Быршыма. Ұйтқысы нашар болған немесе көп тұрып ашып кеткен айран, іркіт түрлері, одан көбінесе құрт қайнатылады.[1]

                           Сүттен жасалатын 7 тағам

    Тосап. Бұл тағам түрін әдетте науқас адамдарға, жаңа босанған әйелдерге арнайы дайындайды. Яғни қой сүтінен жасалатын дәрілік тағам. Дайындау үшін қойдың қою сүтін қайнатады да, үстіне май салады. Және суымай тұрып ішкізеді.

Қатық. Қатық пен айран бір-біріне ұқсас келеді. Айранға қарағанда қою және қышқыл болады. Қатыққа батырған қасық тік тұратындықтан, оны «дірілдек» немесе «меңіреу» деп атайды.

Сүт көже. Бұл тағамды дайындау үшін сүтке піскен тары немесе күріш қосады. Балалар мен қарт кісілер үшін өте пайдалы.

Балқаймақ. Дастарханнан жиі көрінетін бұл тағам қаймақтан жасалады. Қаймақты ыдысқа салып, үстіне май қосып араластырады. Қайнауға жақын қалған сәтте бал мен ақ ұн себеді.

Қызыл ірімшік. Сүттен жасалатын тағамдардың ішіндегі әзірленуі ең оңайы. Оның ақ және қызыл екі түрі бар. Қызыл ірімшік жасау үшін қойдан сауған сүтті қазанға құйып, жылытады. Артынша «мәйек» деп аталатын сүт ұйытқышты әлгі қазандағы сүтке салады. Сүт дір етіп 5-10 минут ішінде ұйиды. Мәйек салып ұйытқан сүтті пышақпен торлап тіледі де, қайната бастайды. Біраз уақыттан кейін ұйыған сүт бөлектеніп, ақ ірімшікке айналады. Тағы біраз қайната түссе, ақ ірімшік сарғайып, қызара түседі.

Құрт. Құрт – таңның атысы, кештің батысы үй көрмей, асыр салып ойнайтын баланың ең сүйікті тағамы болар. Оны кішкентайлар ғана емес, мына біздей үлкендер де жақсы көреді. Ол қой және сиыр сүтінен жасалады. Оны дайындау үшін ашыған сүтті ағаш кеспекке құйып, бірнеше күн бойы іркіт жинайды. Артынша үлкен қазанға құйып қайнатқан кезде іркіт қоюланып, ақ, сары болған кезде отты өшіреді. Аз суыған соң қапшыққа құяды. Ертесінде алақанға салып түрлі пішіндегі құрт жасайды. Дайын болғандарын жоғары жерге қойып кептіреді. Осылайша құртымыз дайын болады.[4]

III  Қорытынды.                  

                 3.1  Сүт өнімдерінен  тәттілер дайындау әдістері

 Ауылға барып, сүт өнімдерінің жасалу жолдарын көріп, бірге жасау мақсатында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарасай ауылындағы Забира апа Бекболатоваға арнайы бардық. Ауылдың тыныс – тіршілігімен таныстық. Жолда жайылып жүрген жылқыларды көрдік. Ауыл тып – тыныш, әркім өз шаруасымен жүрген сияқты. Балалар да демалыс күні болған соң, үйінде ме, көшеде жүрген балалаларды көрмедік.

Апаның ауласына кіргенде, бұзауларды көрдік, бізді көріп, «Қуыңдар!» деген кең аулада жүгіріп ұстатпады.

Апа біз келгенше, таңертең сиырын сауып, сүттен қаймақ тарту үшін дайындап қойыпты. Біз келсе, сүт өнімдерін жасау ідісін көрсетемін деп жинап қойған май, қатық, сүзбелерді көрсетті. (бейне түсірілімде).

    Забира апа бізге сүттен дайындалатын өнімдер туралы қызықты етіп әңгімелеп берді. Апа таңертең сағат 6 — да тұрып сиып сауады екен. Сиыр сауғанша Бауыржан ата малдың атын таазалап, қиды шығарып, сыпырып, су шашады екен. Одан кейін сиырды байлап сауады. Сауылған сүтті жылы күйінде үстелдің үстіне қойып, сеператорға құйып, тартты. Біз де сүт тартуға көмектестік. Жылытылған сүтті сеператорға құйып тұрдық. Сүттен қаймағы ажыратылып, бөлек ыдысқа құйылды, екінші жағына үлкен ыдысқа сүт ағытылды. Таңертеңгілік жиналған сүт толық тартылып болғанда, қаймақ жиналды. Қаймақтың дәмін – ай!

Ал, үлкен ыдысқа жиналған сүтті газ пешіне қойып, ұзақ қайнатты, суытылғанда сары суынан сүзіп, екі ыдысқа бөлдік. Бір бөлігін ыдысқа салып құрт жасадық. Екінші бөлігінде сары суынан ажыратып, сүзбе ездік. Құрттың неше түрі бар екен. Әртүрлі пішінде жасап, жеп көрдік. Қаймақтан май шайқауды да білдік, алайда май шайқау үшін көп көлемде қаймақ жиналуы керек екен.

«Үйдегі әжелеріміз, қолдың сүті, қолдың қаймағын алу керек. таза жасайтын адамды тауып алсақ қой. Кешегі сүттің қаймағын айтсаңшы!» — деп отырады.

Үй жағдайында жасалған құрттың да, қаймақ пен майдың да, ірімшік пен сүзбенің дәмі керемет! Майлылығы жоғары.

Десекте, барлық адамдардың мал ұстауға жағдайы келмейді. Малға да күтім керек екен. Жемшөбін уақытылы беріп, өріске айдайды. Мал келгенше қораны тазалайды. Жаздай шөп жинайды. Көпшілігі жұмыста болғандықтан, малға қарауға уақыты болмайды.

Қала халқын сүт өнімдерімен ірі сүт фабрикалары қамтамасыз етеді. Фабрикалар халықты табиғи таза өніммен қамту үшін өздерінің жеке жайылымдары бар. Онда қаншама адам еңбек етеді. Біздің дастарханымызға келетін нан мен нан өнімдерінің де, сүт өнімдерінің де оңайлықпен келмейтінін жанымызбен ұғындық.

Сол себепті, ғылыми жобаны жазу барысында ата – анамыз, ұстазымызбен айтқан жайттарға қанықтық.

Достарымызға сүт пен сүт өнімдерін қолдан жасалғанын сатып алсаңыздар да, дүкеннен алсаңыздар да  көп пайдаланыңыздар дейміз. Екі бағытта дайындалған өнімдердің адам ағзасына  пайдасы зор.

Шәрбат

Біздің әңгімемізді тыңдаған әжем шәрбат тәттісін жасауды ұсынды.

    Оған қажетті өнімдер: 200 гр үй қаймағы немесе 20%  қаймақ; 600 гр құм секер; 20 гр сары май (қолдың майы да, сүт зауытының майы да болады); 20 гр кунжут.

Аталған заттарды қосып, ыдысқа салып еріттік.  Одан кейін арнайы қалыптарға салып қойдық. Суыған соң, әрқайсысын шығарып алып, дастарханға қойдық. Сыныпқа әкеліп, достарымызбен бірге дәмін таттық.

Сүзбеден жасалған тәтті (чупа чупс)

     Құрамы:  сүзбе; түрлі дәмдеуіштер.

    Жасалу жолы: міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтаймыз. Басқа орамал, қолымызға қолғап киеміз. Сүзбеге дәмдеуіштерді  әбден сіңгенше араластыра мыз.

      Қажетті заттар. Екі тарелка, таяқшалар,сүзбе, дәмдеуіштер.

Дайын сүзбені домалақ пішінде, таяқшаға кигіземіз. Қалауымызша жеуге болады.

 Ғылыми жобаны жазу барысында, ата – анамыз, ұстаздарымызбен бірлесіп, көптеген әдебиеттерді оқып, сүт өнімдерін адамдардың қолына жеткенге дейін процестермен таныстық. Мал өсірумен айналысатын үлкен шаруашылықтар арнайы өздері мал өсіреді. Олардың етін де, сүті мен сүттен алынатын түрлі өнімді цехтарда, зауыттарда өндіреді. Дүкен сөрелеріндегі қала адамдары күнде сатып алатын өнімдерді цехтарда дайындалады. Оны дайындау үшін көптеген адамдар, мамандық иелері жұмыс істейді. Тағам түрлеріне нақты тоқталатын болсам, сүт, уыз, сары май, айран, қаймақ, құрт, ірімшік, сүзбе, шұбат, қымыз үлкен сауда үйлеріндегі азық- түлік дүкенінен алуға болады.

                                                    Төрегелді Нұрислам,  Дүйсенбай Кәусар,

                                                                     Алматы қаласы, Алатау ауданы,

                                                                                №156жалпы білім беретін

                                                                    мектептің 4 – сынып оқушылары

                                                                              Жұмыстың жетекшілері:

                                                                                  САРЖАНОВА Назигуль,

                                                            ЕСИМБАЕВА  Сандуғаш  Хамитқызы

                                                                                  бастауыш сынып мұғалімі

Пайданылған әдебиеттер:

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.[1]

syrlasu.kz sut-onimderinin-paidasi  29.07.2019 [2]

Ермекбай Аслан Құрманғалиұлы

Ильясова Айман Жаксыбаевна – КОМПЭДУ

«Олимпиады  осенный фестиваль 2022», 16.11.2017    [3]

Қарлыға Бүйенбай, massaget.kz 11 Қыркүйек 2014[4]

фото: aktau.atameken.kz [5]

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *