«Farabi shakirti» журналының белсенді оқырманы, оқу озаты, бесаспап шәкірт АСУБЕК  Адияны Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы «Өнер» мектебін қызыл куәлікке бітіруімен шын жүректен құттықтаймыз!

Адия — мектептің  «Ықылас» жас қобызшылар, «Қыран» ансамблдерінің құрамында өнер көрсетті. Қобыз сыныбын бітірді.

Қазақтың ұлтық аспабын жанына серік еткен оқырманымызға өнер биігінде алдағы уақытта көптеген жетістіктерге жетуіне тілектестік білдіреміз. Қолына Қорқыт бабадан қалған киелі аспапты ұстаған өнерлі жастарымыз, соның ішінде қыздарымыз санаулы ғана. Адияға аспаптың киесі қонып, қобызшылар қатарын толықтыратынына сенімдіміз! Қобызда халық композиторларының шығармаларын ойнап қана қоймай, жаңа заман өрдісіне лайық өзі де жаңа леппен шығармалар жазсын дейміз.

                                «Farabi shakirti» журналының шығармашыдық ұжымы

   

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *