Роботтың авторы 14 жасар жерлесіміз Жахангір Аушахманов.

ERNUR.KZ. Қарағандылық жеткіншек робототехниканың ең озық елінде өткен сайыста робот жасаудан алдына қара салмады, деп жазады inbusiness.kz. Онымен қоса, қос ішек домбыра құдіретімен жат жұрттықтарды тәнті етіп қайтты. Бұл Оңтүстік Корея елінің Пхенчхан қаласында 50-ге жуық елді басып озып, жеңіске жеткен робот.

Көпке таныс мультфилімнің кейіпкеріне ұқсатып жасалған туынды, орнынан қозғалып, өз эмоциясында білдіре алады. Роботтың авторы 14 жасар жерлесіміз Жахангір Аушахманов. 103 мектеп лицейінің оқушысы кішкентай кезінен осындай құрастырмалы ойыншықтарға құмар. Ал, робототехникамен 2 сыныптан бастап айналысып келеді.

«Бұл мультфильмнен алынған, Ева деген робот. Біз оны бір жарым айда жасап шықтық. Робот шоу қоя алады. Театрландырылған өнер көрсетеді. Кореядағы адамдарға менің роботым ұнады», — дейді № 103 мектеп-лицейінің оқушысы Жахангір Аушахманов.

Бұл Жахангірдің алғашқы жеңісі емес, бұған дейін түрлі жарыстарға қатысып оқ бойы озық келген. Ал, Корея еліне жолдама алу үшін, елімізде өткен барлық жарыстардан сүрінбей өткен. Сапарда қасында анасы болған.

«Сапарға шығу өте қиын болды. Робот өте үлкен. Алайда, еңбегіміз ақталып, жеңіске жеттік. Сайысқа 14 жастан бастап көп адам қатысты. Жахангірдің қарсыластары да біздің роботқа таң-тамаша болды»,- деді Жахангір Аушахмановтың анасы Жадырасын Жақсыбаева.

Робот жасаудағы ең қиын нәрсе – театрландырылған шоу үшін барлық техникалық ұсақ-түйектерді ойлап табу және бейнелеу болған. Ал, жас жүйрігіміз бұнымен тоқтар емес.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *