Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының қашан басталатынын мәлім етті. Бұл туралы діни басқарма ресми сайтында хабарлады.

Рамазан айына орай бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізген.

   «Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен бірге ҚМДБ төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері анықталды.

   «Биыл пітір мөлшері 535 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады», — деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

                                                                       Автор: Эльмира Асқарқызы

                                                                                                                               kaz.nur.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *