Рамазан – рухани жаңару айы

Міне, Қасиетті Рамазан айыда келіп жетті! Бұл айда көптеген адамдар ораза ұстайтыны анық. Ал сол оразада ескеру қажет нәрселер және оразаның пайдасы мен артықшылығы жайлы бірі білсе, бірі білмей жатады. Сол жайлы айтқым келеді. Әуелі, ораза сөзінің мағынасына тоқтала кетсем.

Ораза – бес парыздың бірі. Ораза дегеніміз, біріншіден – Аллаһ тағалаға бой ұсыну. Ораза – мұсылманға өнегелі мінезді үйрететін тәрбие мектебі. Ораза – сондай‐ақ нәпсімен күресу.

                          Оразаның пайдасы

  • Ораза мінез – құлығымызды кемелдендіреді. Жүрегімізді жаман сезім мен ойлардан тазартып, басқаларға жамандық жасаудан сақтандырады. Ораза кездері харам нәрсеге қараудан және өтірік,жаман сөйлеуден қорғайды.
  • Ораза адамның мейірім және жәрдем сезімдерін күшейтеді. Бауырмалдыққа және сабырлық пен шыдамдылыққа бейімдейді.
  • Ораза ұстау адамның денсаулығын жақсартады. Ораза денсаулық тұрғысынан организмге пайдалы. Он бір ай бойы бөгіп қалған денедегі асқорыту мүшелері оразаның арқасында демалады.

Оразада ескеру қажет:

  • Уақытты босқа өткізбеу. Байқаймыз кейбір адамдар оразада уақыттарын ұйқымен және ұялы телефонмен өткізіп жатады. Уақыттарын тиімді пайдаланса деймін. Жылына бір келетін қасиетті айда барынша дұға жасап,кітап оқып,нәпіл намаздар оқып,рухани өздерін дамытса.
  • Боқауыз сөз айтпау. Адамдар өздерінің ораза екендерін ұмытып кетіп,ауыздарынан не бір сөздер шығып жатады. Соны ескерсе. Өз – өзін ұстап сабыр сақтап,шыдамдылық танытса екен. Ораза – адамды сабырлық пен шыдамдылыққа жетелейтін ерекше және қасиетті ай.
  • Өзімізді тыю. Тек ауызды тамақтан тыйып қажет емес. Барлық он-екі мүшемізді жаманнан тыю қажетпіз. Көзімізді,құлағымызды,барар жерімізді барлығынан сақ болу керек. Өсек айтпай,ұрыспай-керіспей,жаман сөйлемей өткізу қажетпіз. Жақсы сөйле немесе үндеме деген қағиданы ұстанайық.

                   Оразаның артықшылықтары

  • Құран түскен ай.
  • Айрықша құлшылықтар айы.
  • Тәубе айы.
  • Тақуалық айы.
  • Сабыр айы.
  • Шүкіршілік айы.
  • Жеңіс айы.

Ораза жанның азығы, тәннің шипасы. Ұстаған оразаларыңыз бен дұға тілектеріңіз қабыл болсын !

         Дайындаған: Диас  САТЫБАЛДЫ,

                                                Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға

арналған мектеп – интернатының 11 — сынып оқушысы.

Дереккөзі: «Рухани жаңғыру — Рамазан» кітабынан.

Сурет: «Ақмешіт апталығы»