АСТАНА,–Sputnik.kz Ақмола облысының полицейлері аса қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған оқушыны марапаттады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірнеше апта бұрын Щучинск қаласының 7 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Мирас Шаймерденов әйелді өлтіргені үшін іздеу жарияланған қауіпті қылмыскерді жалғыз өзі ұстаған. Мирастың айтуынша, өздеріне тиесілі жеке аумақта жасырынған белгісіз адам туралы ол жұмысшыдан білген. Жасөспірім дереу сол жерге барып, мас ер адамнан ол аумақтан кетуін талап еткен. Бірақ қылмыскер агрессия көрсеткен.

Қылмыскердің басқа азаматтар үшін қауіпті екенін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде, полицейлер ер адам қылмыстық құқықбұзушының сипаттамасына ұқсас екенін біліп, аталған мекенжайға шұғыл полиция жасағын жіберді. Бірақ жас жігіт полицейлер келгенше күрес әдістерін қолданып, қаскүнемді тәртіп сақшылары келгенге дейін ұстап тұрған.

Ақмола облысының полиция департаменті 15 жастағы Мирасты осы батылдығы үшін марапаттап, оған логотипі бар брендті футболка мен бейсболка, қол сағат табыстады.

—Қылмыскердің басқа азаматтарға қауіп төндіретінін түсінген Мирас полицияға қоңырау шалып, болған жайтты хабарлады. Жасөспірім қылмыскердің сыртқы белгілерін сипаттай бастағанда және оның суретін жіберген кезде полицейлер ер адамның қылмыстық құқықбұзушының сипаттамасына сәйкес екенін біліп, дереу полиция жасағын жіберді. Бірақ ержүрек бала полицейлерді күтпей, күрес әдістерін қолданып, күдіктіні құрықтап, полицейлер келгенше ұстап отырған, — дейді Ақмола облысы полиция департаментінің өкілдері.

Sputnik.kz 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *