«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Қазақ журналистикасының қайталанбас тұлғасы

Жұмабай Шаштайұлы (10 қазан 1950 Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы туылған. 12 наурыз 2024 жылы дүниеден өтті).

Жұмабай Шаштайұлы — Халықарарық Жамбыл атындағы сыйлығының лауреаты, ҚР Президентінің стипендиаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.

Еңбек жолын «Коммунизм жолы» газетінде, 1980-87 жылдары Республикалық «Жас Алаш» («Лениншіл жас»), «Егемен Қазақстан» («Социалистік Қазақстан») газеттерінде, 1987-90 жылдары «Жалын» журналында жұмыс істеді. 1990-92 жылдары «Қазақ тілі» қоғамы Алматы облыстық комитеті төрағасының орынбасары, 1992-96 жылдары «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1996-2002 жылдары халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінің бас редакторы болды. 2002 жылдан Қазақ радиосының бас редакторы қызметін атқарды. 2007 жылдан бастап «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактор.

Шығармалары:

1982 ж. «Таң нұры» атты ұжымдық жинаққа «Қияда» атты алғашқы повесі енді.

1984 жылы шыққан «Қызын кар» атты тұңғыш жинағы сол кездегі саяси басшылық тарапынан қатал сынға ілікті.

«Жала мен нала» (1987)

«Жыр жолбарыс» (1996)

«Біздің заманның Аяз биі» (1997)

«Жаңғырық» романы (2004)

Таңдамалы 2 томдық жинағы (2010)

«Аяз би» романы «Жазушы» баспасында қайта басылып шығарылды (2013).

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Үзеңгі жолдас» бағдарламасын жүргізді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Ақын жанын жабырқатқан жайлар

«Қаныш Сатбаев — ұлт мәдениетінің көшбасшысы»

Бейсен Құранбек бастамасымен қолға алынған жаңа радио өз жұмысын бастады