Қазақ өнерінің саңлағы

Жасындай жарқ еткен, аты аңызға айналған актер Әнуар Молдабековтың туғанына 86 жыл.

Әнуар Молдабеков – 1938 жылы 20 мамырда Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Көрнекті театр және киноактері,қазақ өнерінің ірі тұлғасы. Қазақстанның халық әртісі (1976жыл), Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1967 жыл). Жастайынан өнерге бейім болған әнші болуды армандады. Өмір ағысы актерлікке алып келді. Сахнадағы алғашқы өмірі Қарағандыда басталды. Қарағандыда жүріп-ақ көптеген рөлдерді сомдады. 1964 жылы Алматыдағы М.Әуезов театрына орналасты. Қалған өмірі Алматыда өтті. Халық оны «Ән қанатындағы», «Мұса арқылы»,  «Қан мен Тердегі»,  — Еламан, «Қыз Жібектегі» — ролдері  Шеге арқылы кеңінен білді.

Әнуар Молдабеков  «Қан мен Тер», «Қыз Жібек»,  «Ән қанатында», «Өтелмеген парыз», «Әпкем менің Люся» фильмдеріне түсті.

Әнуар Молдабеков кинода 30-ға жуық фильмге түскен. Бәріде қайталанбайтын сом-сом образдар. Театр мен кино өнерінің тарихында есімі алтын әріппен жазылған талантты актер рөлдерін бар жанын салып,ерекше сомдайды. Өнерде жүрген 22 жыл ішінде 25 фильмге, 52 спектакльде басты рөлді сомдады.

Актер туралы жылы лебіздер

«Әнуар аға биікке көтерілді де сол биігінде қалды,ешқашан ол биігінен түскен емес».

Әубәкір Рахимов,

(театр режиссері)

«Әнуар менің жан досым,сахналық,өмірлік. Алғашқы кездесуіміз 1955 жылы бірге консерваторияға түстік. Бірінші курстан киноға түсе бастадық».

Асанәлі Әшімов  (актер)

«Мен айтар едім халықтың актері еді,өйткені халықтың арасынан шыққан,жарып шыққан талант».

Әзірбайжан Мәмбетов, (ұстазы)

«Театрда Әзірбайжан Мәмбетов ағамыз ең қиын рөлдерді Әнуарға беретін, Әнуар оны алып шығатын. Ешкімге ұқсаттырмай, ешкім ойнай алмайтындай, ешкім жасай алмайтындай жасайтын. Өзінің өмірінде ол кісі ерекше рөлдерді атқарды кинода да, театр да».

Тұңғышбай Жамақұлов,  (актер, театр режиссері)

«Мен талай актерді көрдім. Мықтымын деген шетел актерлерімен жұмыс істедім, Әнуар Молдабеков олардан бір арқан бойы биік актер. Оларды Әнуармен салыстыруға болмайды».

Нұржұман Ықтымбаев, (актер)

Ұлттық театр мен кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан,қазақ өнерінің саңлағы Әнуар Молдабеков есімі ешқашан ұмытылмайды.

Жазып алған:

Диас  САТЫБАЛДЫ,

Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға

арналған мектеп — интернатының

11 — сынып оқушысы

Дереккөзі: «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы; Кино – театр.ру