Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл.

Әлкей Марғұлан – 1904 жылы 11 мамырда Павлодар облысы,Баянауыл ауданында дүниеге келді. Руы – Арғын тайпасы Сүйіндік руы Айдабол бөлімінен шыққан. Әлкей Марғұлан 5 жасында оқып,жаза білуді үйренді. Бала кезінде Қобыланды, Алпамыс,Қозы Көрпеш – Баян сұлу дастандарын жатқа білген. Бастауыш білімді ауыл мектебінен алды.

  • 1915 жылы Баянауылда үш сыныптық орыс мектебінде оқыды.
  • 1919 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіріп, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істейді.
  • 1921-1925 жылдары «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінің редакцияларында қызмет атқарған. Осы жылдары жазушы Мұхтар Әуезов пен ақын Мағжан Жұмабаевпен танысады.

***

«1925 жылы Мұхтар маған «сен Семейде қалма, менімен бірге Ленинградқа жүр. Сол арада жоғары білім алып, ғалым болудың жолына түс», — деді.

                                    Әлкей Марғұлан

  • 1925 жылы Ленинградтағы Шығыс институтының филология факультетіне оқуға түскен.
  • 1926-1927 жылдары КСРО ғылым академигі Александр Ферсман мен профессор Сергей Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография жұмысына қатысты.
  • 1928 жылдан бастап қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды.
  • 1929 жылдан бастап қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап, институтты тәмамдады.
  • 1931 жылы Ленинградтағы мемлекеттік материалдық мәдениет тарихы академиясының аспирантурасына түседі.
  • 1945 жылы ол «Қазақ халқының эпикалық жырлары» туралы докторлық диссертация қорғады.
  • 1950 жылы Қазақстандағы көне қалалар тарихы туралы көлемді монографиялық еңбегін жазып шықты.
  • 1957 – 1967 жылдары Әлкей Марғұлан Шоқан Уалихановтың ғылыми мұраларын жинайтын топқа басшылық етіп, 1958 жылы 5 томдық кітапты жарыққа шығарады.
  • 1960 жылы Әлкей Марғұланға профессор атағы берілді.

***

«Мен өзімді ең әуелі өнертанушы, одан кейін Шоқантанушы сосын барып қана әдебиетшімін, этнографпын, археологпын деп санаймын», — деген.

Әлкей Марғұлан

Ғылымға қосқан үлесі үшін Әлкей Марғұлан Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Еңбек қызыл ту,Л енин,Халықтар достығы ордендері және медальдерімен марапатталды.

  • 1985 жылы 12 қаңтарда 81 жасында Алматы қаласында дүниеден озды.
  • 1991 жылы Қазақстанда археология институты құрылды.
  • 2004 жылы Әлкей Марғұланның 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО — ның шешімімен әлемдік деңгейде аталып өтілді.

Қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Әлкей Марғұлан есімі халық жадында мәңгі сақталады.

 

***

«Әлкей Марғұлан шын мәнінде ғалым. Кең ауқымды, ғылымға  қалдырған,әр саласына қалдырған жарқын ізі бар. Барша халқымыз мақтаныш тұтатын тұлға».

Амантай Исин,

(тарихшы, ғалым)

«Әлкей Марғұлан жан-жақты адам. Оның араласпаған саласы жоқ. Әсіресе ауыз әдебиеті. «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» барлық нұсқасын зерттеген адам».

Құсмілия Нұрқасым,

(қоғам қайраткері)

Жазып алған:

Диас  САТЫБАЛДЫ,

Алматы қаласы, Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға

арналған мектеп — интернатының

11 — сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *