Экономика дегеніміз не?

      Экономика дегеніміз қоғамның тиімді дамуына жол ашатын ғылым. Экономика ел мен жердінөркендеуіне жол ашатың, бағыт беретің ғылым. Экономиканы білмесек мемлекетті дамытаалмаймыз. Экономикалық заңдарды меңгереалмасақ пайдалы мен шығыншыл жолдардыайқындай алмаймыз.

           Экономиканың негізгі бағыттары

    Макроэкономика — мемлекет не мемлекеттер одақтары деңгейінде экономиканы зерттеу тәсілдерінің жиынтығы.

   Микроэкономика  — экономиканы жекекомпаниялар деңгейінде зерттейді.

           Экономикалық теория курсы

    Экономика термині көне гректің οἶκος — шаруашылық пен νόμος — территория деген сөздерінен құралған. Яғни экономика көне гректің шаруашылықты басқару деген сөздерінен құралған.

  Экономикалық теория ғылымының негізгі мақсаты — баға, жұмыссыздық, кредит, депозит, акция, тағы сол сияқты ұғымдарды ғылыми жолмен зерттеу.

Экономикалық теория үш негізгі бөлімнен тұрады — микроэконоимка, макроэкономика және халықаралық экономика.

    Микроэкномика экономиканы жеке отбасылардеңгейінде қарастырады.

Макроэкономика экономиканы облыс, мемлекетсияқты ірі көлемде қарастырады.

    Халықаралық экономика дүниежүзілік деңгейдеқарастырады.

                  Қаржы деген не?

    Әрбір компания өзі өндірген тауарларды сатады да бұдан пайда көреді, кейін саудадан түскен ақшаға шикізат алады да жұмыскерлерге жалақы төлейді де, тауарларды қайта өндіріп қайта сатып қайта пайда алады…Оған қоса компания кредит алуы мүмкін, салық төлеуі тиіс, яғни ақша белгілі бір қажеттіліктерді өтеу үшін жұмсалады.

   Қаржы дегеніміз — ақшаны компания (мемлекет) қажеттіліктеріне жұмсау кезінде пайда болатын арнайы экономикалық қатынастар.

   Сонымен қатар қаржы деп мемлекеттің (компанияның) барлық ақша қорларының жалпы сомасын атайды.

   Қаржы негізгі үш топқа бөлінеді — мемлекеттік қаржы, корпоративтік қаржы және жеке отбасының қаржысы.

                    Мемлекеттік қаржы

   Мемлекеттік қаржы мемлекеттің қажеттіліктерің ақшамен қамтамассыз ету үшін қажет. Бұл үшінәрбір мемлекет компаниялар мен халықтан салықжинайды да бұл салықты өзінің қажеттіліктерінежұмсайды.

     Мысалы зейнеткрелерге зейнетақы, ал бюджет қызметкерлеріне жалақы төлейді. Сонымен қатармемлекетке қажетті құрал жабдықтарды сатыпалады.

                      Корпоративтік қаржы

    Корпоративтік қаржы компанияның ақшаайналымын қарастырады.

                     Жеке отбасынының қаржысы

   Жеке отбасы қаржысы мемлекетте бар отбасылардың орташа деңгейдегі отбасыныңқаржысын зерттейді.

                          Маркетинг

      Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіретің мекемелер —коммерциялық компаниялар, және бұл өнімді (тауарлар мен қызметтерді) тұтынатың тұтынушылар бар болады.

     Маркетинг дегеніміз коммерциялық компанияның тауарлары мен қызметтерің тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге асыратын іс әрекеттердің жиынтығы.

   Яғни маркетингтің негізгі мақсаты коммерциялық компанияның пайдасын арттыру.

                   Маркетингтің негізгі ұғымдары

    Мұқтаждық — әрбір адамның ас ішу, киім кию, білім алу, т.с.с мұқтаждықтары бар болады.

    Қажеттілік  мұқтаждықтын конкретизациясы. Мысалы, аштық мұқтаждық, ал беспармақ жеу ниеті — қажеттілік болады.

    Тауар — адамдардың қажеттіліктерін өтей алатын және айырбастауға не сатылуға ұсынылған материалды не материалды емес объект. Мысалы,дүкендерде сатылатын қаламсап, дәптер, нан, компьютер және тағы сол сияқтылары тауарболады.

     Әдетте материалды емес тауарларды қызмет депатайды. Мысалы, шаш алу, заңгерден кеңес алу, дәрігерге қаралу қызмет болады.

     Сатылымдардың қабілеттілігі  адамныңтауарды сатып алуға қажетті ресурстардыңмөлшері. Яғни адамның тауарды сатып алуғаақшасының (не өзге ресурстарының) бар не жоқболуы.

     Тауар алмасу  тұтынушылар арасындағы, тауарларды, қажеттіліктеріне қарай, бір біріменайырбасталуы. Тауарды ақшаға сату тауар алмасудың бір түрі болады.

     Нарық — екі түрлі мағынаға ие, бірі тауар алмасатын жер (реалды не виртуалды), екіншісі сатып алушылардын жалпы жиынтығының атауы.

     Пайда — тауарды сатқаннан түскен және тауарды өндіруге жұмсалған қаржының айырмасы.

     Бәсекелестер  бір қажеттілікті өтеуге ұсынған тауарлары бар және бір ортақ нарықта жұмыс істейтің компаниялар.

                        Бухгалтерлік есеп

     Бухгалтерлік есеп дегеніміз мекеменің іс әрекеттерің ақшалай есептеу жүйесі. Яғни бухгалтерлік есеп мекеме қанша пайда тапты, қаншама шығынға батты, жұмысшыларға қанша төленді, салықты төлеуге неше қаржы жұмсалды, жаңа еңбек құралдарың сатып алуға қаншама ақша жұмсалды тағы сол сияқты қажеттіліктерге жұмсалған ақшаны есептеу әдісі.

     Бухгалтерлік есеппен мекемелерде арнайы маман — бухгалтер айналысады. Жалақыны беретің (қолма қол ақшалай немесе банктегі картаға қаржыны аудару арқылы) адам да осы бухгалтер.

              Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаттары

   Біріншіден; бухгалтерлік есеп компанияның жалпы шығындары мен жалпы кірістерің салыстыру үшін қажет компания пайда табып жатыр ма? әлде компания шығынға белшеден батып жатыр ма?

   Екіншіден; бухгалтерлік есеп компанияның міндетті төлемдерің тұрақтандыру үшін қажет —жалақыны уақытында төлеу үшін, жалға алған ғимараттың арендасын уақытында төлеу үшін, салықтарды уақытында төлеу үшін тағы сол сияқты.

   Үшіншіден; заң алдында мекеменің барлық іс-әрекеттерінің әділетті болуын қадағалау.

   Төртіншіден; мекменің қаржысының жұмсалуының қадағалау.

   Бесіншіден. қор жинау.

               Бухгалтерлік есептеу бағдарламалары

     Бухгалтерлік есептеу баяғыда қағаз бетінде, қазір компьютерлерде жүзеге асады. Қазақстан мен ТМД елдерінде негізінен 1C бағдарламасынқолданады. Кей жерлерде Excel ді де қолданады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *