«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Сенсация қуған қоғам: бізге шындық керек пе, шоу ма?

Сурет:ЖИ, жолдаған автор

Қазіргі қоғам ақпарат тасыған қоғам десек те болады. Әр секунд сайын жүздеген, мыңдаған жаңалық тарайды. Тіпті дәл қазіргі уақытта да. Бірақ өкінішке қарай ол жаңалықтың қаншасы шын, қаншасы өтірік екені бір Құдайға мәлім. Тіпті кейбірі сенсация жасаймын деп ақпаратты бұрмаласа, енді бірі хайп жасаумен әлек

Көпшілік оқырманның назарын аудару мақсатында сенсациялық жаңалық шығару сәнде. Жаңалықтар аса ірі болмаса да, жарқыраған эмоция мен ойландыратын суреттерді қою арқылы бұрмалап шоу жасауда – бұл сенсация қуудың таза, айқын көрінісі. Бұл – көбінесе телебағдарламалар мен әлеуметтік желіде (Instagram, Facebook, Threads, TikTok) орнап жатқан жағдай.
Мысалы, Анна Данченко секілді танымал журналистер шоу-бизнес өкілдерінің өмірін кеңінен танытып, олар туралы жаңалықтарды сенсация ретінде ұсыну арқылы халық назарын оңай тарта алады.
Бұл – қазіргі жаңа медиа саласындағы кең тараған тәсіл. Танымал тұлғалардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, тойы, киімі сияқты ақпараттар көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Мұндай контенттің рейтингі жоғары болғандықтан БАҚ пен журналистердің 60% осы тәсілге жүгініп жатады. Бұл әдіс шындық пен терең тақырыптарды көлеңкеде қалдырып, қоғамды жеңіл контентке тәуелділік туғызуы мүмкін.
Алайда қоғамның бәрі бірдей емес. Олар екі топқа бөлінген: 63 пайызы дәлелсіз ақпаратқа сенбейтіндер, ал қалған 37% жарқыраған сөздерге сенетіндер. Яғни тап қазір адамдардың жаңалыққа сенуі өте қиын. Себебі олар нақты дәлелді талап ететін, көзі ашық адамдар. Қоғамға нақты, шын ақпарат қажет. Шоу – уақытша сенім, ал шоусыз, зерттелген ақпарат – мәңгілік сенім. Сенсацияланған жаңалықтың барлығы өтірік деген сөз емес. Тек ақпаратты саралау шарт.

Қоғамға сенсация емес, шынайы ақпарат қажет. Себебі сауатты ұрпақ тәрбиелеу үшін жалған емес, дәл әрі сенімді дерек қажет. Журналистика шоуға емес, шындыққа жұмыс істеуі тиіс.

СЕРІК  Аяулым

Жамбыл облысы, Меркі ауданы,

Меркі ауылы, «№44 жалпы білім

беретін мектеп-гимназияның» 11-сынып оқушысы

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Тәуелсіздік — бақытымның бастауы

farabi shakirti shakirti

Бақыт – адамдар үшін әртүрлі ұғым

farabi shakirti shakirti

Жастардың таңдауы ма, әлде тәуелділігі ме?