ТӘЖКЕНОВА Гаухар Жұматайқызы,

                                 Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Момышұлы ауылы,

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі.

   Мектеп — тренері, көшбасшы мұғалім. Серіктес мектептер үйлестірушісі

           Хакім Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстазынан болады», — деп  Ұстаз ‒  келешек ұрпақтың сәулетшісі екеніне жоғары баға берген. Адам бойында кездесетін бар жақсылықтың иесі – мұғалім. Себебі, ол- шәкірттерді білім шыңына жетелейді, тәрбие береді, өнеге көрсетеді. Әр оқушысының көңіліне қарайды, жүрегіне жол табады. Өзі оқытқан шәкірттерін парасатты, дүние танымы жан-жақты жетілген, өмірге көзқарасы қалыптасқан тұлға етіп шығарады.

Мамандықтың бәрі жақсы. Дегенемен, барлық мамандыққа барар жол – ұстаздың ақыл – кеңесінің арқасында қалыптасады. Сондықтан да, мұғалім мамандығы мәртебелі. Мектебімізде бізге дәріс беретін барлық ұстаз ардақты. Оларға зор құрметпен қараймыз. Мұғалімдеріміз біз үшін биік тұлға. Ұстаздарымыз — Гаухар Жұматайқызы мен Бейбітова Жеңіскүл апайдың орындары ерекше. Ұстаздарымының жандүниесі кең, екінші анамыздай. Мен олардан үлгі алып, өнеге үйренудемін. Сыныбым жоғарылаған  сайын ұстаз болу жүрегіме  бойлап келеді. Көпшілік алғысына бөленетін жігерлі жандар ғана таңдайтын мамандық – менің болашақ бағдарым!

Ұстаздарыма алғысым шексіз! Мерекелеріңіз құтты болсын!

                                                                    

ҚАМБАР Сымбат,

                                                                      7 «Ә» сынып оқушысы

                         Мұғалім – зор тұлға

                    Әбу Насыр әл-Фараби:

«Жаратылысынан жадысы мықты, көрген, естіген

және аңғарған нәрселердің ешқайсысын

ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл

иесі мұғалім жұртқа әділ, ізгілікке жақын,

 қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл,

ержүрек болуы керек».

        Ұстаз жайлы теңеулер өте көп. Пікірлерге сан жетпес деп айтар едім. Еліміздің ұстаздарымен қатар осындай ғажап атқа менің мектебімнің ұстаздары да әбден лайықты. Адам жанының қамқоршысы. Шәкірттерінің ақылшысы. Мағжан атамыз «Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын — ұстаздікі» , — деп айрықша баға беріп, құрмет көрсеткен тұлға. Бірінші сыныпқа келгенде, тарыдай едің, мектеп бітіргенде таудай болып келелі білім иесі болып шығасың.

Шәкіртін білім көкжиегіне жетелеген барлық ұстаздар мақтауға, құрметтеуге әбден лайық. Оқушысына терең сапалы білім беру үшін өзі білім аралын бірнеше мәрте аралап шықса да жалықпайды. Аралаған сайын шәкіртін қызықтырып, болашаққа нық қадам басуы үшін баспалдақтардан сүрінбей өтуіне көмектеседі. Білімі береді, тәрбиелейді, алға бастайды.

Мен білім алатын №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында сынып жетекшіміз Марфуға Рәпілбекқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тәжкенова Гаухар Жұматайқызына алғысым шексіз! Ұстаздарыма мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін. Отбасы аман, еліміз тыныш болсын!

                                                                          САДУЕВА Асем,

                                                                          7 «А» сынып оқушысы

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *