«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Білім

Қытайда өткен химия пәнінен 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасында қазақстандық оқушылар тоғыз медаль жеңіп алды

26 сәуірде  химия пәнінен оқушыларға арналған 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасының қорытындысы шықты. Шэньчжэнь қаласында (Қытай) өткен жарысқа 29 елден 200-ден астам оқушы қатысып, өзара 15 алтын, 30 күміс және 45 қола жүлдені таласқа салды.

Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс және 6 қола, барлығы 9 медаль жеңіп алды:

Алтын медаль — Ринат Илюсизов, Павлодар қаласындағы №8 дарынды балаларға арналған лицейдің оқушысы.

Күміс медаль — Әділжан Молдағұл, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» лицей-интернатынан және Кирилл Ким, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен.

Қола медаль — Абылай Қабдулхадыр, Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен, Алихан Серікұлы, Haileybury Almaty халықаралық мектебі, Еңлік Бақытбекова, Алматы қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тамила Рахимбаева, Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Санжар Қалиақбар, Қарағанды қаласының №1 «Білім-Инновация» мектеп-интернаты және Әліби Мұғалім, Ақтау қаласының «Білім-Инновация» мектеп-интернаты.

 

ҚР Оқу –ағарту министрлігінің ресми сайтынан: GOV.KZ

 

Сәйкес жаңалықтар

Ұлы Жібек жолы бойында атадан қалған мирас

Жетісу облысының ауыл оқушылары Қытайда өткен робототехника чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды

farabi shakirti shakirti

13 жасар семейлік шахматшы оқушыларарасында Азия чемпионы атанды